sports.kz
ММА шебері Шавкат Рахмонов әлемдегі ең беделді промоутерлік ұйым UFC-дің көшін бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena кешенінде өткен UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонды 2-раундта қылқындыру әдісімен айқын жеңді. Осылайша Шавкат Рахмонов айтулы лигадағы 6-айқасын мерзімінен бұрын аяқтады. UFC-дің тарихында жартылай орта салмақта қатарынан 6 жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жеткен спортшы әзірге тек Шавкат қана. Жерлесіміз келесі жылы чемпиондық белбеу үшін тартысқа түсетінін мәлімдеді.
Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.