Қырғызстан парламентінде тудағы толқын тәрізді сәулелердің пішінін түзу сызықтарға өзгерту ұсынылған.
Жогорку Кенеш отырысында депутаттар мемлекеттік туды өзгерту туралы заң жобасын екінші және үшінші оқылымда талқылаусыз қабылдады. Бұл туралы Кабар агенттігі хабарлады
Заң жобасын 59 депутат қолдаса, тағы бесеуі оған қарсы дауыс берді.
Қырғыз Республикасының мемлекеттік символын өзгерту ұсынысын – спикер Нурланбек Шакиев пен депутат Улан Примов білдірген болатын.
Дауыс беруден кейін палата төрағасы әріптестерін туға түзетудің енгізілуімен құттықтады.
Мәлім етілгендей, заң жобасы Қырғыз Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі – Қырғыз Республикасының туын жетілдіруге бағытталған. Атап айтқанда, тудағы толқын тәрізді сәулелердің пішінін түзу сызықтарға өзгерту ұсынылған.