Астанада халықаралық құсбегілік федерациясын құру туралы меморандумға қол қойылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астанада халықаралық құсбегілік федерациясын құру туралы меморандумға қол қойылды

21.12.2023
0
Астанада халықаралық құсбегілік федерациясын құру туралы меморандумға қол қойылды
Фото: Республикалық құсбегілік федерациясының баспасөз қызметі

Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі және Ұлттық спорт қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен республикалық құсбегілік федерациясының жылдық қорытынды конференциясы өтті.

Конференцияға Моңғолия, Түркия, Ресей, Қырғызстан мемлекеттерінен арнайы шақырылған орнитологтар, спортшылар, жетекші жаттықтырушылар мен кәсіби төрешілер де қатысты.

Іс-шара барысында 2023 жылы өткен жарыстар – 5 халықаралық турнир, 4 ел чемпионаты және республикалық жарыстардың нәтижелері, сондай-ақ ұлттық құсбегілік федерациясының жұмыс қорытындылары талқыланды.

Сонымен қатар жыл бойы Қазақстан ұлттық құрама командасының спортшыларына тұрақты жалақы тағайындалып, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығымен, Көлік министрлігімен және «ҚТЖ» ҰК-мен бірлесіп республика аумағы бойынша құстарды темір жолмен тасымалдау мәселелерін оңтайландыру және тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілгені атап өтілді.

Ұлттық спорт түрін дамытудың басты мәселелерінің бірі – оның мәртебесін арттыру. Конференция барысында республикалық құсбегілік федерациясының президенті Берік Уәли халықаралық құсбегілік федерациясын құру туралы меморандумға қол қоюға бастамашы болды.

Республикалық құсбегілік федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада өткен конференцияда құжатқа Моңғолия, Түркия, Ресей және Қырғызстанның уәкілетті өкілдері қол қойды. Бұл маңызды қадам жас спортшыларды тартуға және оларды халықаралық деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Конференция қорытындысы бойынша ұлттық құсбегілік федерациясының өкілдері үздік спортшыларды, жаттықтырушылар мен төрешілерді марапаттау рәсімін өткізді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Атырауда ауруханада екпе алған әйел қайтыс болды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазір 8 мың адамның мобильді аударымы тексеріліп жатыр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.