Қазақстандықтар саусақ ізін тапсыруға міндеттелмейді: Сенат заңды мақұлдады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Тамыз 29, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандықтар саусақ ізін тапсыруға міндеттелмейді: Сенат заңды мақұлдады

21.12.2023
0
Қазақстандықтар саусақ ізін тапсыруға міндеттелмейді: Сенат заңды мақұлдады
Фото: Sputnik / Павел Лисицын
2024 жылдан бастап теңізшілер мен шетелдіктер дактилоскопиялық тіркеуден өтуге міндетті

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Заңмен енгізілген маңызды жаңашылдықтың бірі дактилоскопиялық тіркеу туралы ережелер болып саналады. Мысалы, «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы заңның 2-тарауында Қазақстан азаматының паспортын немесе жеке куәлігін алу үшін алғаш рет жүгінген, сондай-ақ бұрын дактилоскопиялық тіркеуден өтпеген Қазақстан азаматтары оны қалпына келтірген, ауыстырған жағдайларда Қазақстан азаматтарын міндетті дактилоскопиялық тіркеу туралы нормалар белгіленген болатын.«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заңның 39-бабымен 2-тараудың қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылған, – деп жазылған заңның қорытындысында.

Заңға сәйкес, енді қазақстандықтар саусақ ізін тапсыруға міндеттелмейді.

Заңда Қазақстан азаматтарына қатысты жоғарыда көрсетілген ережелер алынып тасталады және Қазақстан азаматтары үшін олардың келісімімен ғана ерікті дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі. Қазақстан азаматы үшін міндетті дактилоскопиялық тіркеу теңізшінің жеке куәлігін алған жағдайда ғана сақталады. «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заңда белгіленген жағдайларда 16 жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін міндетті дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі. Заңға сәйкес дактилоскопиялық тіркеуге қатысты ережелер 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін алуға Қазақстан аумағындағы тіркеуші органдарға жеке өзінің жүгіну талабы енгізіледі. Бұрын олар мұны басқа адамдарға берілген сенімхат негізінде нақты орналасқан жері бойынша жасай алатын», – деп жазылған заңның қорытындысында.

Дауыс беру нәтижесінде Сенат депутаттары заңды екінші оқылымда мақұлдады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматыда 2024 жылы дизельді автобус сатып алуға тыйым салынады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Дарын» мемлекеттік сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.