Алматылық дәрігерлер бүгін аялдамада болған апаттан зардап шеккен адамдардың жағдайын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
“Апат салдарынан 7 адам зардап шекті. Жедел медициналық қызмет келгенше үшеуі қайтыс болды.
Үш ересек адамға жабық бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы, біреуіне сол жақ жамбас сүйегінің сынығы диагнозы қойылып №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Төртінші зардап шеккен 15 жастағы бала сол табан сүйектерінің сынуы диагнозымен №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Автобусты жүргізген әйелдің жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы диагнозы қойылды. Зардап шеккендерге психологиялық көмек пен барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр”, – деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.
Еске салайық, бүгін Алматыда автобус бір топ адамды қағып кетті. Полицияның мәліметінше, бүгін кешкі сағат 18:15 минутта №47-ші бағыттағы қоғамдық көліктің ішіндегі жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған. Салдарынан ол есінен танып, көлікті басқара алмай қалған.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.