Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЖаһан жаңалықтары

Америка соты 48 жыл түрмеде отырған адамды ақтады

Фото: bbc.com

Американың Оклахома штатының соты жасамаған қылмысы үшін 48 жыл түрмеде отырған Глинн Симмонсты ақтады. Kazinform бұл туралы ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.

Бастапқыда оған тіпті өлім жазасы кесілген. Бұл – АҚШ-тағы заңсыз соттау нәтижесінде түрмеде отырған ең ұзақ мерзім.

70 жастағы Глинн Симмонс шілде айында аудандық сот оның ісіндегі маңызды дәлелдер (өз уақытында) адвокаттарына берілмеген деген үкім шығарылғаннан кейін босатылды.

Аудандық прокурор дүйсенбіде жаңа сот талқылауына негіз болатын дәлелдер жеткіліксіз екенін айтты. Ал сейсенбіде судья Эми Палумбо Симмонсты кінәлі емес деп жариялады.

Ұқсас жаңалықтар

Әр тәртіп сақшысы заң мен әділдіктің айнасы

admin_altyalash

Қарағанды облысында сақ дәуіріне жататын темір қанжар табылды

admin_altyalash

ӨҢІРЛЕРДЕ ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ

admin_altyalash