Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Шойгу Украинадағы соғысқа 4 мың студенттің жіберілгенін айтты

Фото: argumenti.kg
Ресей Қорғаныс министрі жастардың соғысқа қуана келіскенінен хабардар етті

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу биыл Украинадағы соғысқа 4 мыңнан астам студенттің жіберілгенін айтты.

Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Сергей Шойгу студенттердің өз еріктерімен академиялық демалыс алып, жауынгерлік міндеттерін орындауға қуана келіскенін атап өтті. Оның айтуынша, қазір Украинадағы соғысқа 650 мыңнан астам әскери қызметкер қатысып жатыр. Оның ішінде әскерге ішінара жұмылдырылғандар да бар.

Бүгінде Ресей әскері ұрыс қимылдары жағдайында сыннан өткен. Ресей – қару-жарақ бойынша да дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Ал халықтың отансүйгіштігіне келсек, Ресейге жететін ел жоқ. Оның бір дәлелі ретінде студент жастардың өз еркітерімен майдан даласына аттанғанын айтуға болады, – деді ол.

Ресей әскери комиссариаттары биыл жыл басынан бастап жоғары оқу орындарының студенттерін соғысқа қатысуға шақыруды қолға алды.

Ұқсас жаңалықтар

Біздің басты ерекшелігіміз – ұлттық тәжірибені қазіргі шешімдермен үйлестіру

admin_altyalash

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды

admin_altyalash

Серік Сәпиев Қазақстандағы легионер спортшыларға қатысты пікір білдірді

admin_altyalash