Оралда 360 жанұя баспаналы болды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Оралда 360 жанұя баспаналы болды

27.12.2023
0
Оралда 360 жанұя баспаналы болды
фото:БҚО әкімдігі

Олардың қатарында мүгедек бала тәрбиелеп отырған және көпбалалы отбасылар, жетімдер және мүмкіндігі шектеулі жандар бар.

Орал қаласының Зачаганск кентінде үш бірдей көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Онда баспана кезегінде тұрған 360 отбасы қоныстанып жатыр. Бұл жоба «Тұрғын-үй коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жүзеге асырылып отыр. Соның ішінде үйлер жылдық сыйақы мөлшерлемесі екі пайыздан аспайтын ипотекалық несие беру арқылы сатылған.

Бұл жобаға қатысуға биыл қыркүйек айында осыншама адамнан өтініш қабылданып, мақұлданды. Олардың қатарында мүгедек бала тәрбиелеп отырған және көпбалалы отбасылар, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, бірінші және екінші топтардағы мүмкіндігі шектеулі жандар бар.

Тұрғын үйлерді салтанатты түрде тапсыру рәсіміне облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, тұрғындарды алдағы Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттің басты міндеті екенін атап өтті. Осы орайда әр отбасын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған бастамалар аса маңызды. Мереке қарсаңында қуанышты сәттің куәсі болып жатырсыздар. Біз тоғыз қабатты үш жаңа үйдің кілтін осы күнді асыға күткен отбасыларға табыстағалы тұрмыз. Мұнда барлығы 360 пәтер бар. Пәтерлер «Отбасы банк» АҚ арқылы тұрғын үй кезегіндегі отбасыларға жеңілдетілген пайыз арқылы берілді. Баспаналы болған жерлестерімізді осынау қуанышты күнмен және жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! – деді аймақ басшысы.

Кейін облыс әкімі отбасыларға көптен күткен пәтерлерінің кілтін табыс етті.

Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін пәтерлер кезегіне 22 мыңнан астам адам тіркелген. Биыл шаһарда 14 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілді. Соның ішінде негізгі жұмыстар жаңадан бой көтеріп келе жатқан Ақжайық шағынауданында қызу жүріп жатыр.

Жаңа ықшамауданда 25 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жоспарланған. Онда жалпы саны 5 мыңға жуық пәтер болады. Қазіргі таңда бұл аумақта 11 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр, – делінген облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарламасында.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Қытай кәсіпкерлеріне сатуға болмайды». Мәжілісте Шеңгелдідегі су тарту станциясының мәселесі сөз болды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Павлодарда продюсер мен рэперден есірткі табылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.