Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Ақтөбе облысында шетелдіктер мінген автобус аударылып қалды

Фото: Ақтөбе обл. ТЖД баспасөз қызметі

Ақтөбе облысында шетелдіктер мінген автобус аударылып қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 18:50-де Әйтеке би ауданы «Қарабұтақ – Қостанай» автожолында жолаушылар автобусы аударылып қалғаны бойынша ақпарат келіп түскен.

Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар «Екатеринбург – Шымкент» бағыты бойынша жолға шыққан.

Оқиға орнында құтқарушылар, ЖАО, полиция бөлімі қызметкерлері мешітке 32 Өзбекстан азаматын эвакуациялады.

Ауа-райының өзгеруін қадағалап, автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпаңыздар, – делінген хабрламада.

Ұқсас жаңалықтар

Бизнес шет қалмауы керек: Астананың кәсіпкерлері ауқымды экологиялық акцияға қолдау білдірді

admin_altyalash

Мұрат Нұртілеу АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті

admin_altyalash

Астанада такси жүргізушісі оқушыны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

admin_altyalash