Қызылорда облысында жаңа мектеп ашылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Шілде 2, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Қызылорда облысында жаңа мектеп ашылды

13.01.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Қызылорда облысы Алматы облысы әкімлігі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан орталығы Әйтеке би кентіндегі 250 орындық мектептің ашылу рәсімінде тұрғындарды құттықтады. Іс-шараға Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев қатысты, деп хабарлайды Kazinform. 

Аймақ басшысы өскелең ұрпақтың жайлы мектептерде білім алуы, қосымша білім беру ұйымдарында қабілетін шыңдауы үшін алда атқарылатын жұмыстарды атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жас ұрпақтың игілігі жолындағы шаруаларға баса мән берілетініне тоқталды.

«Президент бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 21 мектеп салынады. Былтыр 10 мектептің құрылысы басталды. Биыл тағы 11 мектептің іргетасы қаланады. Оның бірі Қазалы ауданының Жанқожа батыр ауылында бой көтерсе, жақын күндері Әйтеке би кентінде тағы бір мектептің құрылысы басталады. Қызылорда қаласында құны 7 млрд. 900 млн. теңгені құрайтын физика-математика бағытындағы 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық мектеп-интернат құрылысы қарқынды жүргізілуде. Осы аптада Жаңақорған кентінде 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Жаңақорған және Шиелі аудандарында Оқушылар үйі мен Өнер мектептері бой көтереді. Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында облыс орталығынан «Шығармашылық академиясы» салынады.

Топырағына ұлы тұлғалардың кіндік қаны тамған Қазалы ауданының өңір тарихындағы орны ерекше. Есімдері алты Алашқа белгілі Жанқожа батыр, күллі Шығыс жастарына жетекшілік еткен Ғани Мұратбаев, жезтаңдай әншілер Роза Бағланова және Мәдина Ералиевадай даңқты дарындардан кенде емес. Алдағы уақытта осы білім ошағынан жерлес аға-әпкелеріндей білімді, талантты шәкірттер шығатынына сеніміміз мол», – деді аймақ басшысы.

Салтанатты іс-шарада Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қазалылықтарды жаңа білім ошағының ашылуымен құттықтап, сала ардагері Серік Қуанышбай бата берді.

Ашылу рәсімінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан кент тұрғындары марапатталды. Іс-шара соңында қонақтар мектеп ғимаратындағы асхана, спорт залы, акт залы, кітапхана жұмысымен танысып, математика, тарих кабинеттерін аралап көрді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Түркияда циклон әсерінен алғашқы қар жауды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапты

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.