Мемлекеттік органдар халыққа ресми ақпаратты жедел жеткізуге міндетті – заң жобасы – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекеттік органдар халыққа ресми ақпаратты жедел жеткізуге міндетті – заң жобасы

16.01.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: otyrar.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті.

Заң жобасының мақсаты – халықтың хабардар болуын, мемлекеттік сектордың ашықтық деңгейін, белсенділігі мен есеп беруін арттыру.

«Заң жобасын іске асыру бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді. Құжат халықаралық сараптама ұйымдарының, қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қатысуымен әзірленді. Бұл тұрғыда тиісті мәселелерді шешу мақсатында ұсыныстар енгізілді. Халықаралық ашықтық стандартын қолдану мақсатында Ақпаратқа қол жеткізу туралы заң аясында, яғни жекелеген жағдайларды қоспағанда (мемлекеттік құпиялар), мемлекеттік органдардың барлық ақпаратын ашық деп айқындау ұсынылды. Бұл ретте, мемлекеттік органдар ақпаратқа қол жеткізуді тек белгілі бір мерзімге және құжаттың бір бөлігіне ғана шектеу қоюға құқылы болады», – деді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров.

Оның айтуынша, заң жобасына сәйкес мемлекеттік органдар халыққа ресми ақпаратты өз бастамасымен жедел жеткізуге міндетті. Осы мақсатта мемлекеттік органдардың ақпаратты белсенді түрде таратуға қатысты жаңа міндеті, сондай-ақ оның ұғымы мен іске асыру тетігі енгізіледі. Бұл, бірінші кезекте, білім беру, экология және денсаулық сақтау салаларына қатысты.

Сонымен қатар вице-министр мүгедектігі бар адамдар үшін ақпаратты емін-еркін алуыі мәселелерін Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңда жеке бап және қағидат түрінде бекіту ұсынылғанын айтты.

Бұдан бөлек, депутаттық белсенділіктің және Парламент депутаттары бастамасымен әзірленетін заң жобаларының санының өсуі байқалып отыр. Осыған орай депутаттық заң жобалары бойынша «Ашық НҚА» порталында жария талқылау жүргізу ұсынылды.

«Қазір Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпаратқа қол жеткізу саласында бақылау өкілеттіктері болмағандықтан, азаматтар мен БАҚ-тан келіп түсетін шағымдар бойынша ден қою шараларын қабылдау мүмкіндігі жоқ. Азаматтар бірден сотқа шағымдануға мәжбүр. Сондықтан Мәдениет және ақпарат министрлігіне тиісті құзырет бере отырып, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы жауапкершілікті күшейту мен мемлекеттік бақылауды енгізу ұсынылды», – деді Д. Қадыров.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Президент Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақ әндерін өз тілінде шырқайтын кореялық әншіге Ақтөбеден ұсыныс түсті (ВИДЕО)

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.