Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Жетісуда мас жүргізушілер өтірік анықтама ұсынып, жазадан құтылып кетіп отырған

Фото: Polisia.kz

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Жетісу облысының прокурорлары мас жүргізушілерді ұстау кезінде әкімшілік қамауға алмас үшін медициналық және басқа да құжаттарды бұрмалау фактілерін анықтаған.

Екі жағдайда әйелдер сотқа жалған анықтама мен жүктілігі туралы ультрадыбыстық қорытынды берген.

Мұндай жалған құжаттарды пайдалану Әкімшілік кодексінің 50-бабына сәйкес тұлғаларды қамауға алу қолданылмайтын мүмкіндік береді.

Осы сияқты тағы бір мысал — кәмелетке толмаған баласының бар екенін көрсеткен жалған құжаттарды сотқа ұсынған аудан әкімдігінің бөлім басшысы.

Аудандық сот осы анықтама негізінде оны қамауға алу жазасынан босатқан.

«Прокуратураның тексеруі оның уәждерін жоққа шығарды. Ол берген деректерді тексергенде оның кәмелетке толмаған баласы мүлде жоқ болып шыққан. Бүкіл фактілер бойынша прокуратураның қадағалау актісі негізінде сот актілері қайта қаралып, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Уәкілетті органдар ресми құжаттарды қолдан жасау фактілері бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады», — деп атап өтті облыс прокуроры Мадияр Басшыбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

admin_altyalash

Президент «Жастар» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш екті

admin_altyalash

ШАРДАРА СУ ҚОЙМАСЫ 90 ПАЙЫЗҒА ТОЛЫП, 5 МИЛЛИАРД ТЕКШЕ МЕТР СУ ЖИНАЛДЫ

admin_altyalash