Қазақстан және Қасиетті Тақ: Дипломатиялық қатынас тарихы – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Қазақстан және Қасиетті Тақ: Дипломатиялық қатынас тарихы

18.01.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: аkorda.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қаңтарда Ватикан мемлекетіне ресми сапармен барады. Сапар аясында Қазақстан Көшбасшысы мен Рим Папасы Франциск кездесуі өтеді. Осы орайда, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізгі сәттеріне шолу ұсынамыз.

1992 жылғы наурыз айының ортасында Мәскеудегі папа нунцийі архиепископ Франческо Коласуонно мен оның өкілдік атташесі Р. Чемус Қазақстанға сапармен келді. Олар Қарағанды мен Алматыға барды, СІМ қабылдауында болды. Сонымен қатар, мүфти Ратбек қажы Нысанбайұлымен және православ діни қызметкерлерімен кездесті. Архиепископ шағын баспасөз мәслихатын өткізіп, месса рәсімін жасады.

1992 жылы 15 ақпанда екі ел арасында нота алмасу жүзеге асырылып, 17 қазанда Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішінде және Азиядағы бірінші ел болып Ватиканмен ресми дипломатиялық қатынас орнатты. Сол жылы Қазақстанда Ватиканның дипломатиялық өкілдігі және Апостолдық нунциатюр ашылды.

1998 жылдың қыркүйек айында Қазақстан мен Ватикан арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

2001 жылдың 2 қыркүйегінде Президент жарлығымен Швейцария Конфедерациясындағы Қазақстан Елшісі Нұрлан Дәденов Ватикан мемлекетіндегі Қазақстан Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

2001 жылы 22-25 қыркүйек күндерінде Рим Папасы Иоанн Павел ІІ еліміздің қадірлі мейманы болды. Сол сапарда Рим Папасының: «Саған, Қазақстан және сенің барлық тұрғыныңа Құдайым рақымын түсіріп, сенің болашағыңа келісім мен бейбітшіліктің нұрын төксін», – деп дұға тілеп сөйлеген сөзі Президент Архивінің 5-Н қорында сақтаулы.

Понтифик сол сапарында Мемлекет басшысымен, Қазақстан жастарымен, мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесті. Православ дін қызметкерлеріне месса рәсімін өткізді.

Иоанн Павел II
Фото: studentportal.pl

2001 жылдың 16 желтоқсанда Астанада Апостоль нунциатурасы ашылуының ресми іс-шарасы өтті. Оған Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық миссия басшылары қатысты.

2003 жылдың 6 ақпанында Н. Назарбаев Италияға жасаған ресми сапары аясында Ватиканда Папа Иоанн Павелмен кездесті. Осы кездесуден кейін Ватиканның Мемлекеттік хатшысы А. Соданомен келіссөз өтізді.

2018 жылдың 6 шілдесінде Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ватиканға барды. Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Пьетро Паролинмен кездесу барысында тараптар жаһандық қауіпсіздікті нығайту, діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалогті жалғастыру мәселелерінде екі мемлекеттің ұстанымдары жақын екендігін растады.

Пье́тро Пароли́н
Фото: Валерий Шарифулин / ТАСС

2021 жылдың 6 қарашасында Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Ватиканға сапарлады. Мәулен Әшімбаев жұмыс сапары аясында Рим Папасы Францискпен кездесіп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне шақыру хатын табыс етті.

Сұхбат кезінде Сенат спикері Қазақстанның конфессияаралық келісімді нығайтуға және жаһандық дінаралық диалогты ілгерілетуге бағытталған бастамалары туралы айтып, олардың Ватиканның қызметімен тығыз байланысты екеніне назар аударды.

«Этносаралық бейбітшілік және келісім, әр азаматтың діни көзқарасына деген құрмет – қазақстандық мәдениет пен менталитеттің ажырамас бөлшегі. Біз толеранттылықты сақтауға және оны дәріптеуге баса мән беріп келеміз. Сол себепті, біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін шақыру туралы бастама көтерді. Бұл Форумның жұмысын дамытуға Съезд хатшылығының басшысы ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтарлықтай үлес қосты», – деді Мәулен Әшімбаев.

Кездесуде Рим Папасы Франциск Қазақ елінің жаһандық дінаралық диалогті дамытуға айтарлықтай рөл қосып отырғанын атап өтті. Сенат төрағасы Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Пьетро Паролинмен де кездесіп, Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастық мәселелерін сөз етті. Сонымен бірге ол Папа кеңесінің дінаралық диалог жөніндегі президенті кардинал Мигель Анхель Аюсо Гиксотпен жүздесті.

2022 жылдың 1 шілдесінде Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ватикан мемлекетіне жасаған ресми сапарының екінші күнінде Қасиетті Тақтың мемлекеттермен қатынастар жөніндегі хатшысы (Сыртқы істер министрі) архиепископ Пол Ричард Галлахермен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында екі сыртқы саяси ведомство басшылары Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Сыртқы істер министрлерінің бірлескен мәлімдемесіне қол қойды.

Осы сапар аясында Білім және ғылым министрлігі жанындағы Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, профессор Дүкен Мәсімханұлы мен Ватикан Апостол мұрағаты және Ватикан Апостол кітапханасы мен архивінің басшысы Хосей Толентино екі мекеме арасында ғылыми және мәдени салаларда өзара іс-қимылды орнату мақсатында ниеттер туралы меморандумға қол қойды. Шығыстану институты Ватикан мұрағаттарынан Түркі әлемі мен Еуропаның өзара қарым-қатынасы туралы латын, ерте неміс және скандинав тілдеріндегі бұрын жарияланбаған дереккөздерді іздестіруге, сондай-ақ Алтын Орданың шынайы тарихын қалпына келтіру үшін мұрағат материалдарын зерделеуге ниет танытты.

2022 жылдың 17 қазанында Қазақстан мен Ватикан екіжақты ынтымақтастық тарихындағы маңызды күн – дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтті. Осы 30 жылдың ішінде Қазақстан мен Қасиетті Тақ өзара құрмет пен ортақ басымдықтардың берік байланыстарына негізделген достық байланыстар мен сан қырлы ынтымақтастықты дамыта алды.

2022 жылы Қазақстан-Ватикан ынтымақтастығының шарттық-құқықтық базасы едәуір кеңейді. Атап айтқанда, Қазақстанның университеттік медициналық орталығы мен «Бамбино Джезу» ауруханасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бағытталған 1998 жылғы Қатынастар туралы келісімге Қосымша келісімге қол қойылды.

2022 жылдың 13-14 қыркүйегінде Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Сол күні Рим Папасы Ақордада Қазақстан Президентімен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонаққа зор ілтипат білдіріп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысу туралы шақыруды қабыл алғаны үшін Рим Папасына алғыс айтты.

визит Папы Римского Франциска в столицу Казахстана
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

14 қыркүйекте өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде Рим Папасы Франциск ұлы ақын Абай адамзат алдында маңызы жойылмайтын мәселелерді көтергенін атап өтті.

«Ең маңызды сұрақтарға жауап табуымыз керек. Біз руханиятты насихаттауымыз қажет. Абай жазғандай, өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Сондықтан жанды, сананы таза ұстау керек», – деп қосты Рим Папасы.

Сол күні Рим Папасы Франциск елордадағы EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында Месса рәсімін өткізіп, қазақстандықтарға алғыс білдірді.

«Тағы бір рет осынау құдайға құлшылық шарасын және менің сапарымды ұйымдастырғаны үшін елдің азаматтық және діни билігіне алғыс айтамын. Баршаңызға, әсіресе Орталық Азияның өзге елдерінен және осынау шексіз даланың әр қиырынан келген жандарға ізетімді білдіремін. Егде жастағы және науқас адамдарға, балалар мен жастарға шын жүрегімнен батамды жолдаймын», – деген дін көшбасшысы «қасиетті кресті көтеру» рәсімін орындады. Аталған кресте «Қазақстан халқына – алғыс, адамдарға – бейбітшілік» деген жазу басылған.

Қасиетті крестің көтерілу мерекесіне бағышталған мессаға республика өңірлерінен, алыс және жақын шетелдерден мыңдаған қажы қатысты. Румыния, Германия, Польша, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Әзербайжан, Грузия, Түрікменстан, Беларусь, Тәжікстаннан да діндарлар келді.

Касым-Жомарт Токаев подарил Папе Римскому домбру
Фото: Akorda.kz

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда рим-католик шіркеуінің 93 бірлестігі жұмыс істейді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Үшқоңыр» үстіртіндегі жүздеген гектар жерге меншік құқығы заңсыз берілген – Мақсат Толықбай

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Сенатор шетелдіктер асырап алған қазақ балаларына азаматтық беруді ұсынды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.