Елордада 2024 жылы 25 мектеп салынады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Елордада 2024 жылы 25 мектеп салынады

22.01.2024
0
Елордада 2024 жылы 25 мектеп салынады
Астана әкімдігі

Ал 2028 жылға дейін 200 мың оқушыға арналған 80 мектеп салынады.

2028 жылға дейін Астанада 200 мың оқушыға арналған 80 жаңа мектеп салу жоспарлануда. Нәтижесінде мектептердегі орын тапшылығы мәселесін толық шешеді. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz қалалық әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

2023 жылы Астанада 11 мектеп ашылып, пайдалануға берілді. Олар 3 білім беру мекемесінде үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге мүмкіндік берді.

Оқу жылының соңына дейін тағы төрт мектеп пайдалануға беріледі.

2024 жылы 25 орта білім беру мекемесінің құрылысы жоспарланған, ал 2028 жылға дейін 200 мың оқушыға арналған 80 мектеп салынады.

«Аталған мектептердің құрылысы үш ауысымды оқытатын 8 мектеп пен қаланың 16 тығыздалған мектебінің мәселесін толығымен шешеді. Қабылданған шаралар 2035 жылға дейін орын тапшылығы мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді», – деді басқарма басшысы.

Балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары 100% цифрлық бейнебақылау камераларымен, турникеттермен, дабыл түймелерімен және жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар ағымдағы оқу жылында балаларды сапалы тамақтандыруға арналған төрт апталық мәзір әзірленді, 98 мектепте 95 576 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді (1-4 сыныптардың 91 126 оқушысы, әлеуметтік осал топтардың 5-11 сыныптарының 5 450 оқушысы).

Өткен жылы білім басқармасының жанынан Астана қаласының тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топ құрылды. Топ тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі комиссиялардың (бракераж комиссиясының) қызметіне жүйелі мониторинг жүргізеді және оқушылардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдайды.

Спикердің айтуынша, 2026-2027 оқу жылға қарай қалада оқушылар санының жыл сайын өсуіне байланысты 5 мың педагогке қажеттілік туындайды.

Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін жыл сайын жергілікті бюджет есебінен педагогикалық мамандықтар бойынша 1000 орынға мемлекеттік тапсырыс жүзеге асырылады (бүгінде мемлекеттік білім беру гранты бойынша 4 мыңнан аса студент оқиды).

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысын өткізді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алматы түні: тұрғындардың зәресі ұшып, күштік құрылымдар тікесінен тік тұрды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.