ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметіне Серік Сермағамбетов тағайындалды.
С. Сермағамбетов 1965 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген.
Алматы халық шаруашылығы институтын экономист, Еуразия ұлттық университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Балық шаруашылығы министрлігі материалдық-техникалық жабдықтау орталық базасының аға экономисі болып бастаған.
2005-2011 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы лауазымдарында қызмет етті.
2011-2016 жылдары Жалағаш ауданының әкімі, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы, «Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы қызметтерін атқарған.
2021 жылдың мамыр айынан осы кезге дейін Арал ауданының әкімі қызметінде болды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалған еді.