9 мыңға жуық қазақстандық оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

9 мыңға жуық қазақстандық оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды

24.01.2024
0
9 мыңға жуық қазақстандық оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды
 фото:qaz-media.kz

Былтыр барлық қоныс аударғандардың ішінде 4 158 адам еңбекке жарамды болды.

2023 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру аясында еліміздің еңбек күші артық өңірлерінен еңбек күші тапшы өңірлеріне 8 903 адам өз еркімен қоныс аударды. Оның ішінде қоныс аударушылар 6 492 және қандастар 2337 адамды құрады. Барлық қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді, деп хабарлады turkystan.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.           

Еңбек күші тапшы өңірлерге қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланған қазақстандықтар өз өмірлеріндегі оң өзгерістерді атап өтті. Солардың бірі Құралай Масатбаева. Ол отбасымен 2021 жылы Астанадан Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласына көшіп келді.

«Көшкеннен кейін отбасымызға 612 570 теңге сомасында көшуге материалдық көмек берілді, сондай-ақ бізге қаладан мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үй берілді», – деді қоныс аударушы.

Құралай Масатбаеваның «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Өткен жылы 1 млн 380 мың теңге сомасына мемлекеттік грант алып, шағын кондитерлік дүкенін ашты.

«Мен декреттік демалыста болған кезімде үйде өз ісімді ашуды, балалардың қасында болуды армандайтынмын. Тайынша ауданының жұмыспен қамту орталығына барып, қайтарымсыз грант туралы білдім. Қоныс аударушы болғандықтан қайтарымсыз грант берілетіндер санатына кіретінім туралы айтып, барлық сұрақтар бойынша кеңес берілді. Осындай мүмкіндікті бос жібермей, өзімнің бизнес-жоспарымды қорғап, мемлекеттен грант алдым», – деп бөлісті кәсіпкер келіншек.

Ұлттық жоба аясында қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары ұсынылады:

көшуге арналған субсидия –отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде біржолғы көмек;

-отбасы мүшелерінің саны мен елді мекенге байланысты 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 12 ай ішінде тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ай сайынғы субсидиялау;

-қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберу;

-жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;

-Экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру.

Бұдан басқа, өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір қызметкер үшін 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия беріледі.

Былтыр барлық қоныс аударғандардың ішінде 4 158 адам еңбекке жарамды, оның 3 079-ы тұрақты жұмысқа орналастырылған, 164 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысса, 35 адам бизнес ашу үшін гранттар алды.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстандағы жылу орталықтарының проблемасын шешу үшін кемінде 5 жыл керек – Түркия қазағы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Президент Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировты қабылдады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.