Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Асанәлі Әшімов ордендерін архивке тапсыратын болды

  фото:egemen.kz

Алматыда «Кино және театр тарланы – Асанәлі» музей-бұрышы ашылады.

Алматыда Асанәлі Әшімовтің құрметіне музей-бұрышы ашылады, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан және КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов өзінің қолжазбаларын, ордендерін және өзге де заттарын архивке тапсырмақ ниетте.

Сонымен қатар Алматыдағы мемлекеттік архивте «Кино және театр тарланы – Асанәлі» музей-бұрышының салтанатты ашылуы өтеді.

Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан және КСРО халық артисі, КСРО және ҚР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті, театр педагогы, профессор Асанәлі Әшімов өзінің қолжазбаларын, марапаттарын, фотоальбомдарын, сыйлықтарын, кітаптарын, ордендерін, төсбелгілері мен басқа да жеке заттарын ресми түрде Мемлекеттік архивке тапсырады, – деп жызалған Алматы қаласы Мәдениет басқармасы баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Ұқсас жаңалықтар

Сенат жылу энергиясында мемлекеттік бақылауды күшейтуге қатысты құжатты мақұлдады

admin_altyalash

Халықты бірлікке шақыру, татулықты нығайту, жас ұрпаққа ізгі құндылықтарды сіңіру зиялы орта мен мемлекеттің ортақ мүддесі

admin_altyalash

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

admin_altyalash