Депутаттар тарихи-мәдени ескерткіштерге байланысты заңды қатаңдатуды сұрады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Тамыз 20, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Депутаттар тарихи-мәдени ескерткіштерге байланысты заңды қатаңдатуды сұрады

31.01.2024
0
Депутаттар тарихи-мәдени ескерткіштерге байланысты заңды қатаңдатуды сұрады
фото:ашықдереккөз
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл археология және қалпына келтіру қызметтерінің субъектілерін лицензиялау шарттарының өзгеруін қарастыруды сұрап, Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдады.

– Археологиялық ескерткіштерді сақтау мәселесі жылдан-жылға өзектілігін жоғалтпай келеді. Өкінішке қарай, ескі молалар бұзылып, иероглифтер жойылып жатыр деген ара-тұра ақпараттар шығып, ел ішінде талқыға салынуда. 2021 жылы Алматы аумағында табылған 2500 орта ғасырлық монеталар қорынан ғалымдарға   600 данасы ғана жетті. Қалғаны ұрланып, антиквариат дүкендері арқылы сатылды.

Жақында ғана бүкіл Қазақстанға Алматы облысының Қызылтас тауларында петроглифтар кешенінің жойылуы туралы жаңалық тарады. Алайда  шаруашылық жұмыстарын жүргізген компанияның қолында барлық рұқсат  құжаттары болды. Өкінішке қарай, осындай оқиғалар аз емес. Тіпті, жыл сайын көбейіп келеді.

Мәдениет және спорт министрлігінің бұйырығымен бекітілген тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес, осы саладағы сараптаманы лицензиясы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға жүзеге асыра алады. Лицензиялау тараптары да өте либералды. Бұл  сараптамаға ескерткіш аумағындағы шаруашылық қызмет жүргізуге үміткер кәсіпкер тапсырыс береді және төлейді. Сарапшы іс жүзінде сапасы үшін еш жауап бермейді. Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің сапасыз сараптамасы және жойылуы осыдан туындайды.

Қазақстанда археологиялық жұмыстарды жүргізуге лицензиясы бар 60-қа жуық заңды тұлғалар жұмыс істейді. Сонымен қатар  олардың көпшілігі табылған жәдігерлерді жылдар бойы мұражайларға тапсырмайды, еңбектерінің нәтижесі бойынша ғылыми есеп жарияламайды. Қазіргі тым либералды заңнама арқылы уәкілетті органның тиімді тұтқалары жоқ. Бұл компаниялар кәсіпкерлік кодекстің қолданылу аясында және мемлекеттік органдар тексерілуінен қорғалған.

Сонымен қатар “Ұлттық қауіпсіздік туралы” заңның 6-бабына сәйкес, Қазақстан халқының мәдени және рухани мұрасын жоғалту – біздің ұлттық қауіпсіздігімізге төнетін негізгі қатерлердің бірі. Осыны ескере отырып, тарихи мұраны сақтау секілді болашағымыз үшін маңызды қызмет саласын кәсіпкерлік кодекстің қолданылу аясынан шығару, археологиялық және реставрациялық қызмет субъектілерін лицензиялау тәсілдерін өзгерту, тарихи-мәдени сараптама рәсімінде тәртіп орнату уақыты келді. Сондықтан Мәдениет министрлігі жағынан тарихи-мәдени мұра бекінділерін қорғау және пайдалану туралы қолданыстағы заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобын құру,  тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми реставрациялау және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау туралы нормаларды қайта қарауды ұсынып отырмыз. Сондай-ақ  сараптама жүргізуге құқығы бар ұйымдарға қол қойылатын талаптарды қатаңдатып, егер сапасыз сараптама салдары тарихи-мәдени ескерткіштің жойылуына әкелсе, қылмыстық жауапкершілікке дейін  белгілей отырып, тарихи-мәдени  сараптама жүргізу қағидалаларын қайта қарау. Үшіншіден, тарихи-мәдени ескерткіштерін бұзу, лицензиясыз жұмыс жүргізгені,  тарихи-мәдени ескерткіштерін заңнамасын бұзу не болмаса сол заттарын заңсыз айналым фактісі анықталса, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуды талап етуді сұраймыз, – деді Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл.

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жұмысы ауыр, еңбегі адал жұмысшылардың жалақысын екі есеге өсіру керек – Жұлдыз Сүлейменова

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жамбыл облысында 26 көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.