ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «АДАЛ АДАМ» РУХАНИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛМАҚ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «АДАЛ АДАМ» РУХАНИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛМАҚ

31.01.2024
0
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «АДАЛ АДАМ» РУХАНИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛМАҚ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім беру ұйымдарының жай-күйі туралы кеңейтілген мәжілісте биылдан бастап өңірдің барлық елді мекеніндегі клубтар мен мәдениет үйлерінен жас ұрпақты отаншылдық және мемлекетшілдікке, патриоттыққа тәрбиелейтін үйірмелері бар «Адал адам» рухани-мәдени орталықтары ашылатынын айтты. Бұл орталықтарда балалардың қабілеті шыңдалады, сырдариялық жас өнертапқыш Асылжан Абдуллаев, батыр жеткіншек Арман Аманжоловтай патриоттардың үлгісі насихатталады.

«Күні кеше республикалық телеарналардан Сырдария ауданының 11-сынып оқушысы Асылжан Абдуллаевтың жасанды интеллектті алғаш болып қазақша сөйлеткені туралы ақпарат жарияланды. Ауыл баласының ұшы-қиыры жоқ ғаламтор кеңістігіне жаңашылдық әкелгені көпті таң қалдырды. Мектепті биыл тәмамдайтын жас технократқа қазірдің өзінде еліміздегі 3 жоғары оқу орны – Астана ІТ университеті, СеулТех университетінің Қызылорда қаласындағы филиалы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті грант ұсынуда.

Бүгінгідей мүмкіндіктер дәуірінде біздің жеткіншектеріміздің жарқырай көрінетініне, биіктерге ұмтылатынына ұстаздар да, ата-аналар да, бәріміз сенім артамыз, қолдау көрсетеміз.

Барлық бала Асылжандай жас өнертапқышқа, Қызылорда қаласында құдыққа түскен екі жасар сәбиді құтқарып қалған Арман Аманжоловтай патриот ұлдарымызға қарап, бой түзеуі керек», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Облыс әкімі жасөспірімдер тәртібі мәселесіне тоқталып, қылмыстың алдын алу және болдырмауға қатысты іс-шараларды жандандыруды талап етті.

«Білім ошақтарында қылмыстық психологияның таралуын, кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын келеңсіздіктерді түбірімен жоюымыз қажет. Сондықтан осы жиынға облыстық полиция департаменті арнайы шақырылды. Мемлекет басшысы: «Балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеген абзал. Оқушылар мектеп бітіргенде, ең алдымен, Адал азамат болып шығуы керек», – деді.

Бүгінгі мәжіліске әр ауданнан ардагерлер, қоғамдық кеңес, әйелдер кеңесі төрағалары мен өкілдері арнайы шақырылды. Бала тәрбиесіне тек ата-ана, мұғалім ғана емес, қоғам болып атсалысуымыз керек. Оқушылар мен жастарымызға зиялы қауымның, ақсақал-абыздарымыздың сөзі өтімді болуы тиіс. Бұрынғыдан бізге жеткен «жастай берген тәрбие – жас шыбықты игендей» деген сөз бар. Бұзақылықтың себебінің бірі – бос уақыттың көп болуында. Ювеналды полиция бөлімшесі жұмысының тиімділігіне жан-жақты талдау жасалу керек», – деді Н.Нәлібаев.

Еске салсақ, өткен жылдың ақпан айында «Отбасы – тәрбие бесігі» тақырыбында облыстық ата-аналар кеңесі өткізілді. Бұл жұмыстар қала, аудан, ауылдарда жалғасын тапты. Дегенмен, әзірге нәтиже көңіл көншітпейтінін атап өткен аймақ басшысы осы бағытта әрі қарай да шаралар қабылдау қажеттігін қаперге салды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жамбыл облысында аудандық полиция бөлімінің тергеушісі пара алды деген күдікке ілінді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

15 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті Ақтөбеде ұсталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.