Президент «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Президент «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады

01.02.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999

фото:ашықдереккөз

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компания қызметінің 2023 жылғы негізгі нәтижесі және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы есеп берілді, – деп хабарлайды altyalash.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, соңғы үш жылда «Қазақстан темір жолының» негізгі өндірістік көрсеткіштерінде өсім байқалады. Былтыр жүк айналымы 7 пайызға артып, 270 миллиард тонна шақырымға жетті. Транзиттік тасымалдау көлемі 18 пайызға ұлғайып, 27 миллион тоннадан асты. Нәтижесінде, компанияның кірісі өткен жылмен салыстырғанда 29,3 пайызға өсіп, 1,9 триллион теңгені құрады. Компания 154 миллиард теңге таза пайда тапты. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда төрт есе көп әрі компанияның рекордтық көрсеткіші саналады.

Президентке Достық – Мойынты, Алматы стансасын айналып өтетін теміржол желісін салу және басқа да ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы туралы баяндалды. Бүгінде  350 шақырымнан астам жол төселген. Аталған жобалардың іске қосылуы мемлекетаралық түйісу пункттерінің өткізу қабілетін арттырады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Сиань қаласындағы құрғақ портта жүк терминалының құрылысы аяқталғаны жөнінде мәлімет берілді. Қытайдың ең ірі логистикалық хабында орналасқан бұл терминал елімізге қарай жүктердің тұрақты тасымалдануын қамтамасыз етеді және отандық экспорттаушылар үшін жаңа өткізу нарықтарына жол ашады.

Әлемдік Huawei, Wabtec және PSA секілді жетекші компаниялармен бірге «Ақылды теміржол» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа шешімдердің енгізілуі теміржолдың өткізу қабілетін ұлғайтуға, отын шығынын азайтуға және пойыздардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның инвестициялық жобаларын іске асыру маңызды екенін атап өтіп, еліміздің көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселесіне баса назар аударды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстан онлайн қызмет көрсетуден әлем бойынша 8-орында – Бағдат Мусин

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанда eGov mobile мобильді қосымшасын ай сайын 4 млн-нан астам адам пайдаланады – Бағдат Мусин

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.