Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Тағы бір мекемедегі Назарбаевтың ескерткіші алынды: Ұлттық музей себебін түсіндірді

Ұлттық музейдегі ескерткіштің орны қазір осындай
Ескерткіш музей қорында тұрақты сақталады

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық музейдегі ескерткіші алынды. Ескерткіш Атриум тұжырымдамасының өзгеруіне байланысты музей қорында тұрақты сақталады.

«Атриум тарихи-хронологиялық кезеңдеу логикасына және залдардың тақырыптық-экспозициялық мазмұнына бағынатын музей экспозициясының сценографиясы тұрғысынан маңызды.

Айта кеткен жөн, алдағы уақытта «Тәуелсіз Қазақстан» залының реэкспозициясы бойынша жұмыстар жүргізіледі (2014 жылдан бері жаңартылмаған), онда қазіргі тарихи кезеңнің маңызды оқиғалары толық қамтылмақ.

Ескерткішке келетін болсақ, бұл экспонат музей мүлкі және Атриум тұжырымдамасының өзгеруіне байланысты музей қорында тұрақты сақталады», – делінген Ұлттық музей таратқан ақпаратта.

Еске салайық, бұған дейін Астанада Ұлттық қорғаныс университетінің алында тұрған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды.

Ұқсас жаңалықтар

Ассамблеяның 30 жылдығы бірлік пен келісім саясатын дамытудағы маңызды кезең екендігі атап өтілді

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

admin_altyalash

Ерсұлтан ӘУЕЛБАЙ: Тоғызқұмалақ – Көшпенділер ойыны бағдарламасына енген алғашқы спорт түрінің бірі

admin_altyalash