Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚылмыс пен жаза

“Жұмысқа орналастырамын”: Ақтөбеде азаматтардан 16 млн теңге жымқырған күдікті ұсталды

фото: ашықдереккөз

Ақтөбеде жұмысқа орналастырып беремін деп, 6 адамды сан соқтырған азамат қолға түсті, – деп хабарлайды altyalash.kz Polisia.kz. сайтының мәліметінше.Тергеп-тексеру кезінде теміржол станциясында машинисттің көмекшісі болып жұмыс жасайтын 30 жастағы жігіт өткен жылдың күз айында бірнеше адамды жұмысқа орналастыруға уәде беріп, олардың әрқайсысынан 2-2,5 млн теңгеге дейін ақша алғаны анықталды. Осылайша, ол 6 адамнан жалпы сомасы 16 млн теңге иеленген. Жәбірленушілердің барлығы күдіктімен ортақ танысы арқылы байланысып, ақшаны ол көрсеткен шоттарға алдын ала аударған. Алайда, олар жұмысқа орналаса алмаған, әрі ақшасын да қайтарып ала алмаған. Полиция алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, күдікті қамауға алынды. Ол ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

 

Ұқсас жаңалықтар

Бұл бір күндік акция емес – бұл барша қоғам болып атсалысатын маңызды міндет

admin_altyalash

«Ұлы дала үні» атты кең ауқымды облыстық мерекелік флешмоб ұйымдастырылды

admin_altyalash

Сексеуіл кесуге бес жылдық тыйым салынады

admin_altyalash