Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Ақмола облысында полиция бөлімі бастығының орынбасары алаяқтық жасаған

Фото: polisia.kz

– Ақмола облысында алаяқтық жасаған Бұланды аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары екі айға қамауға алынды.

Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты Бұланды аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты екі ай мерзімге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы түрінде санкция берді.

«Бұланды аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары «Д.» мүлікке қарсы ауыр қылмыс – алаяқтық жасады деген күдікке ілінді (Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 2-бөлімшесі)», – деді ведомстводан

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен түсіндіргендей, сотталушы 2024 жылдың 26 қаңтарында өз еркімен жұмыстан кеткен.

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда әйел басқарған ұрылар тобы қолға түсті

admin_altyalash

Антиядролық ұстаным: Қазақстан – АҚШ ынтымақтастығы

admin_altyalash

Үржар ауданының Шолпан ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

admin_altyalash