Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Ақмола облысында балалар отырған автобус жол апатына ұшырады

фото: Скриншот
Ақмола облысында балалар отырған микроавтобус жол апатына ұшырады. Салдарынан бір адам көз жұмып, 15 жолаушы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады altyalash.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 4 желтоқсан күні «Көкшетау-Атбасар» тас жолының 128 шақырымында болған.

Анықталғандай, «Mercedes-Benz Sprinter» көлігінің 62 жастағы жүргізушісі қар тазалайтын көліктен айналып өту кезінде жолдың қарсы бағытында келе жатқан «Nissan Primera» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің 20 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал, 15 жолаушы, оның ішінде 7 бала түрлі дене жарақатымен Сандықтау аудандық ауруханасына жатқызылды.

«Қазіргі кезде «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу дерегі» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, бірқатар сараптамалар тағайындалды», – ведомстводан.

Ұқсас жаңалықтар

Туризм саласы – Қазақстан экономикасының маңызды қозғаушы күштерінің бірі

admin_altyalash

Бейбіт Исабаев: Диорит өндіру толығымен тоқтатылды, Қызылтастың бірегей петроглифтері мемлекет қорғауына алынды

admin_altyalash

Қазақстан мен Қытай басшылары Қытайдағы Қазақстан туризмі жылына орай құттықтау жолдады

admin_altyalash