– Алматы облысының прокуратурасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өңірде мал ұрлығының алдын алу мен оған қарсы іс-қимыл жасау мақсатында «Мал ұрлығын тоқтату» жобасын бастады-днп хабарлайды altyalash.kz KAZINFORMге сілтеме жасап
Прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, жобаның басталуы өңірде көбейген бөтеннің малын жасырын жолмен ұрлау дерегімен күресу қажеттілігі, сондай-ақ, ауылшаруашылығы кәсіпорындары мен олармен байланысты бизнестің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты екенін хабарлады.
«Жоба мал ұрлығымен байланысты заңсыз әрекеттердің жолын кесуге бағытталған көптеген іс-шараларды қамтиды. Жобаның мақсаты – мал айналымын бақылау, осы саладағы заңдылықты нығайту және мал өсірушілердің мүдделерін қорғау. Прокуратура азаматтардың мүлкіне қарсы қылмыстармен күресте белсенді рөл атқарады және мал ұрлығының алдын алу және ашу бойынша тиімді жұмыс істеу үшін басқа құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді», – деп хабарлады Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Жоба аясында мал өсірушілер үшін оқыту семинарларын өткізу және оларға өз мүлкін қорғау жөнінде қажетті ақпарат беру жоспарланған. Сондай-ақ, мал ұрлығы деректерін анықтау мен жолын кесу, сонымен қатар, кінәлі адамдарды қудалау бойынша жедел іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.
«Алматы облысының прокуратурасы барлық мүдделі тұлғаларды “Мал ұрлығын тоқтату” жобасын қолдауға және осы қылмыстық ахуалмен күреске белсенді түрде қатысуға шақырады. Бұл мәселеде қоғамның бірлігі жобаны табысты іске асырудың кепілі болып табылады. Біз бірлескен күш-жігермен мал шаруашылығы үшін қауіпсіз орта құра алатынымызға және мал ұрлығымен байланысты шығындардың алдын алатынымызға сенімдіміз», – делінеді прокуратура хабарламасында.