Жол-көлік оқиғасы 5 қаңтарда Талдықорған қаласының Еркін ауылында жеңіл автокөлік пен жолаушылар автобусының соқтығысуы салдарынан болды, деп хабарлады altyalash.kz
Полицейлер аталған оқиғаға қарсы бағытқа шығып, Isuzu Saz автобусымен соқтығысуға жол берген Nissan Cefiro көлігінің жүргізушісі кінәлі екендігін анықтады.
Медициналық сараптаманың нәтижесіне сәйкес, Nissan автокөлігін басқарған ер адам орташа дәрежеде мас болған. Көпсалалы қалалық ауруханаға оқиға орнынан автобустың 6 жолаушысы жеткізілді. Олардың бесеуі медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберіліп, біреуі ауруханаға жатқызылды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Жол апатына кінәлі жүргізуші қамауға алынды, – деп атап өтті Талдықорған қалалық ПБ-ның бастығы Ернар Ширбаев.
Жалпы, жыл басынан бері өңірде автокөлікті масаң халде басқарған 54 жүргізуші жауапкершілікке тартылған. Автокөлік жүргізушілерінің мастығы салдарынан 2 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам түрлі дене жарақатын алған.