Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарКәсіп

Қызылорда халқын арзан көкөніспен қамтуға тиісті 120 жылыжай қаңырап бос тұр

фото: видеодан скриншот

Қызылорда тұрғындары 668 миллион теңгеге салынған жылыжайлардың игілігін сол күйі көрмеген. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Айта кетсек, осыдан 12 жыл бұрын халықты арзан бағадағы көкөніспен қамтуамасыз ету мақсатында 120 жылыжай салынған еді. Алайда жұрт онда өсірілген өнімдерді сатып алып, дәмін татып та көрмедік дейді. Қазір қараусыз қалған жылыжайлар әбден тозып тұр. Тот басқан жылу батареялары мүлде жарамсыз болып қалған. Ал жылыжайдың ішіне арамшөп қаптап кеткен.

Былтыр онда жұмысшылар аздап көкөніс егіп көрген. Алайда өнім шықпапты. Сондықтан тұрғындар мемлекеттің миллиондаған қаржысы далаға кетті деп есептейді. Ал аграрлық несие корпорациясының өкілдері жылыжайлар салынған соң бірнеше кәсіпкерге лизинг шартымен берілгенін жеткізді. Бірақ олардың бірде-бірі жұмысты жүргізе алмаған.

Жаңа лизинг шартымен алған кәсіпкерлердің төлемдерді өтей алмауына байланысты сотқа талап-арыз жолдау жүргізіліп жатыр. Оны өз қаражатымыздан немесе мемлекеттік қаражаттан іске асыру, жөндеу туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ, – дейді «Аграрлық несие корпорациясының» Қызылорда облысындағы филиал басшысының орынбасары Нұрмәди Әлібаев

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда IT-саласындағы журналистика бойынша оқыту курстары өтеді

admin_altyalash

Алматыдағы лай көшкіні: 17 жастағы егіздер үйінді астында қалған

admin_altyalash

«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылары Орталық референдум комиссиясының қорытындысын растады

admin_altyalash