Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстанның қарсыластары анықталды

фото:ашық дереккөз
Франция астанасы Париж қаласында Ұлттар лигасының 2024-2025 жылғы маусымының жеребесі тартылды.

Жеребе тарту нәтижесінде Қазақстан В лигасының 3-тобына түсті. Ұлттар лигасы аясында ел құрамасы Австрия, Норвегия мен Словениямен кездеседі.

Ұлттар лигасы, В тобы, 3-топ

Австрия

Норвегия

Словения

Топтық кезеңнің матчтары 2024 жылы 5 қыркүйек пен 19 қараша аралығында өтеді деп жоспарланған.

Айта кетейік, өткен маусымда Қазақстан құрамасы С тобында өнер көрсетті. Топта көш бастап, 13 ұпай еншіледі.

Ұлттар лигасында өз тобында үздік болған құрамалар әлем чемпионатының жолдамасына таласады. Оларға ӘЧ-2026 іріктеуінде екінші орын алған 12 команда қосылады.

Ұқсас жаңалықтар

Бейбіт Жұқаев Қытайдағы жарыстың екінші айналымына жолдама алды

admin_altyalash

USAID Қазақстандағы “жалған ақпаратқа қарсы күреске” 4,5 млн доллар бөлген – Ақ үй

admin_altyalash

Мәскеу князьдігі Жошы ұлысының арқасында құрылған — тарихшы

admin_altyalash