Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСаясат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен барды

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Президентін Дохадағы «Хамад» халықаралық әуежайынан Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Рәсім аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары әуежайдың мәртебелі меймандар залында қысқаша пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, 14 ақпан күні Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және Премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен барды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен барды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Президент
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Президент
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Өнеркәсіпте индустриялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

admin_altyalash

Паралимпиада спортшыларының жеңістері – қашанда мақсатқа ұмтылудың, табандылық пен өз күшіне сенімнің үлгісі

admin_altyalash

Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді

admin_altyalash