Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Алматы облысында білім бөлімінің басшысы ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Фото: Halyq Uni

Алматы облысы Іле ауданы білім бөлімінің басшысы жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді, 

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол Іле ауданының орта мектептерінде іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға адамдар тобымен алдын ала сөз байласу бойынша жалақы аудару арқылы 680 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді.

Сонымен қатар, ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, өзінің жүргізушісін мектеп-гимназияға кәсіби бағдаршы лауазымына жалған жұмысқа орналастырып, оған заңсыз 4,9 млн теңге жалақы төлеген. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр, – делінген Антикор хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы қаласы әкімдігінің қызметкері бойжеткенді қорлаған (ВИДЕО)

admin_altyalash

Жер саласында талмай еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандар марапатталды

admin_altyalash

Мұнай-газ кен орындарын ашқан ғалым Орал Ақшолақов өмірден өтті

admin_altyalash