ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ресми мүшесі болды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ресми мүшесі болды

19.02.2024
0
ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ресми мүшесі болды
фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Антальяда (Түркия) Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы ұйымдастырған VI Этноспорт форумы барысында Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов этноспортты халықаралық стандарттарға сай дамыту тәсілдерін жүйелеуге қатысты бірқатар ұсыныс айтты.

Форумның ашылуында сөз сөйлеген қауымдастық басшысы Исламбек Салжанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанда ұлттық спортты жүйелі дамытуға ерекше назар аударатынын атап өтті. Ұлттық спортпен айналысатын қазақстандықтардың саны жыл сайын артып келеді.

Қазіргі таңда Қауымдастыққа кіретін республикалық федерациялардың жартысы халықаралық мәртебе алды, кейбірі бұрыннан бар халықаралық ұйымдардың құрамына енді. Олардың қатарында аударыспақ, көкпар, құсбегілік, жамбы ату, тоғызқұмалақ федерациялары бар. Бұл Қазақстанда ұлттық спорт түрлері дамудың жаңа деңгейіне қадам басып, күн өткен сайын танымал болып келе жатқанын айғақтайды, – деді Исламбек Салжанов.

Халықаралық этноспорт форумы барысында Ұлттық спорт қауымдастығы этноспортты дамытуға қатысты барлық регламент пен рәсімдердің халықаралық стандарттарға сай болуы үшін бірқатар шара ұсынды. Олардың қатарында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының негізгі спорттық бағдарламасын біріздендіру, халықаралық жарыстардың бірыңғай күнтізбелік жоспарын жасау, Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясымен бірлесіп алдағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында төрешілік ету сапасын арттыру үшін арнайы курстар ұйымдастыру және т.б. бар.

Этноспорт саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының президенті Неджметтин Билал Ердоған Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановқа ресми мүшелік туралы сертификатты табыс етіп, этноспортты одан әрі жаһандық деңгейде дамытуға және біріктіруге сөзсіз серпін беретін алдағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуде сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, Форум барысында Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы мен дәстүрлі спорт түрлерінің ұлттық қауымдастықтары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Оның мақсаты – халықаралық жарыстарды өткізу кезінде жаһандық эталон ретінде қызмет ететін дәстүрлі спорт түрлері мен ойындары үшін конфедерацияның бірыңғай ережелерін әзірлеу.

60-тан астам елден келген халықаралық қатысушылар үшін алдағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасы таныстырылды.

Форум соңында дәстүрлі спорт саласындағы 5-ші халықаралық сыйлық табыс етілді. Аталған сыйлықты елімізден академиялық санатта – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының профессоры Елемес Әлімханов алса, спорт санатында – қазақ күресінен спортшы Зарина Сарипова марапатталды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Құжаттарды тексермейміз». Енді жол ережесін бұзған жүргізушілер автоматты түрде анықталады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.