Ата дәстүрді жалғастыруды мақсат етіп қойдым – Қазақстаннан шыққан тұңғыш бүркітші қыз – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Қыркүйек 5, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Ата дәстүрді жалғастыруды мақсат етіп қойдым – Қазақстаннан шыққан тұңғыш бүркітші қыз

21.02.2024
0
Ата дәстүрді жалғастыруды мақсат етіп қойдым – Қазақстаннан шыққан тұңғыш бүркітші қыз
Фото: Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы

Шығыс Қазақстан облысында 14 жастағы бүркітші Айзере Марксқызы тұрады. Ол 8 жасынан бері құсбегілікпен айналысады.

Бұл өнерге оны атасы мен әкесі баулыған. Шығыс Қазақстан облысына қарасты Ұлан ауданы Бозанбай ауылында 2024 жылдағы Құсбегіліктен ересектер арасындағы XVII ҚР чемпионаты өткені белгілі. Сол жарыста Айзере Марксқызымен де әңгімелесу реті туды.

Айзеренің бүркітінің аты – Мұзбалақ. Айтуынша, көп жағдайда оны түлкіге салады.

Бүркітім 5 жасар, тауға шыққан кезде аңға саламыз. Бұйырғанын аламыз: түлкі, қоян. Көбіне түлкіге саламыз. Құсбегілікке әкем мен атам баулыды. Сол кісілердің ізін жалғап, ата дәстүрді жаңғыртайық деген арманым бар, – дейді бүркітші қыз.

Айтуынша, кейде мектептегі мұғалімінен сұранып, аңға барады.

Оның сөзінше, қыз болғандықтан бүркіт ұстап, аңға салу «дұрыс емес» дегендер де болған. Алайда Айзере олардың сөзін елемейтінін жеткізді.

Ата дәстүрді жалғастыруды мақсат етіп қойдым. Өзіме ұнайды. Болашақта Бозанбай ауылын, Шығыс Қазақстан облысын, Қазақстанды танытқым келеді. (…) Бүркітті баулу маған қиын емес. Қиын болса, жоламас едім, – дейді Айзере Марксқызы.

Ал бүркітшілердің айтуынша, пойызда бүркітпен жүруге рұқсат берілмеген. Бұл қазір осы саладағы басты мәселенің бірі.

Айта кетейік, Бозанбай ауылында өткен жарысқа 10 облыс пен 2 қаладан құсбегілер келді. Барлығы 60 бүркіт, 14 қаршыға, 21 ителгі бақ сынаған.

«Құсбегілік» федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіреді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Зейнетақы қорындағы 184 млрд теңге вагон алуға жұмсалады – Көлік министрі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Әрбір ауданның, әрбір облыстың өзінің жемқор жүйесі бар» – Бақытжан Базарбек

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.