Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСаясат

Президент «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Магановты қабылдады

Фото: Ақорда

 – Президент «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Магановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы туралы мәлімет берілді.

Атап айтқанда, «Татнефть» Атырау облысында бутадиен және одан өнім өндіруге бағытталған мұнай-газ химиясы саласындағы стратегиялық инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Аталған кәсіпорын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен Қазақстанның батыс өңіріндегі көмірсутегі қорларын барлау және өндіру жобалары аясында ынтымақтастық орнатқан. Бұдан бөлек, «Татнефть» қатты пайдалы қазбалар кенін бірлесе игеру ісіне атсалысып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Татнефть» компаниясының Қазақстанда мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібін дамыту жөніндегі бастамаларын жоғары бағалап, аталған кәсіпорын еліміздің энергетика саласындағы стратегиялық серіктестердің бірі екенін атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Татарстанда жүр.

 

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы жазушы Әкім Таразидің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

admin_altyalash

Алматыда тұрғын үйдің сейсмикалық төзімділігі тексерілді

admin_altyalash

А.Балаева еңбек ұжымымен кездесуде: Мемлекеттік дамудың басым бағыттарының бірі – еңбек адамы

admin_altyalash