КАБИРХАН 30 НАУРЫЗДА ДУБАЙДА ӨТЕТІН БӘЙГЕГЕ ҚАТЫСАДЫ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

КАБИРХАН 30 НАУРЫЗДА ДУБАЙДА ӨТЕТІН БӘЙГЕГЕ ҚАТЫСАДЫ

27.02.2024
0

фото:ашықдереккөз

Қазақстанда спорт саласының түр-түрі дамып келеді. Соның ішінде қазақ халқы үшін айрықша маңызды ұлттық спорттың дамып, жаһандану заманында көштен қалмай келе жатқаны қуантады. Еліміздегі ұлттық спортты асқақтатуға, оны әлемдік, халықаралық деңгейде көрсетуге, насихаттауға бар жағдай жасалған. Ұлттық спорт қауымдастығының құрамында бүгінде 9 федерация бар. Олардың әрқайсысы өзіндік рөлін атқарып, аймақтарда этноспорттың кең тарауына үлес қосып келеді. Көкпар, Жамбы ату, Аударыспақ, Теңге ілу, Бәйге, Құсбегілік, Дәстүрлі садақ ату, Тоғызқұмалақ және Асық ату, Жорық секілді федерациялар  өз қызметін жоғары деңгейде атқарып келеді десек қателеспейміз. Өйткені спортшыларымыз көрші елдерге, ал жокейлеріміз Еуропа, Жапония деңгейінде шыңдалып жүр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық спортты дамыту шараларын қолға алуды, оның айрықша маңыздылығын атап өткен еді. Осыған орай биыл елімізде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Былтыр бүкіләлемдік этноспорт федерациясы бұл шешімді бір ауыздан қолдап, басымдықты Қазақстанға берген еді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, ұлттық спорт түрлерімен қатар қолөнер, туризм, қызмет көрсетумен айналысатын шағын және орта бизнес өкілдерінің де көрмесін өткізуді тапсырды. Сонымен бірге ұлттық спорт түрлерінің даму тұжырымдамасын әзірлеу, ат спорты ойындарын барынша қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Ұлттық спорт қауымдастығының халықаралық деңгейідегі үлесі артып келеді. Күні кеше Түркияның Анталья қаласында А Неджметтин Билал Ердоғанның жетекшілігімен Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы ұйымдастырған халықаралық форумы өтті. Форумның ашылу салтанатында Қазақстан тарапы да сөз сөйлеп, ұлттық спортты халықаралық стандарттарға сай дамытуға қатысты ұсыныстар айтылды. Бұл ұсынысты қолдау үшін Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы мен ұлттық қауымдастықтар арасында этноспорт түрлері мен ойындарына арналған бірыңғай ереже жасау туралы меморандумға қол қойылды. Қауымдастыққа кіретін бірнеше федерация халықарылық мәртебе алды. Ал қалғаны халықаралық ұйымдардың құрамында. Қазақстан тарапы бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында төрешілік ету сапасын арттыру мақсатында арнайы курстар мен мастер-класстар өткізуді ұсынды. Көшпенділер ойындарындағы спорттық бағдарламада 20 спорт түрі қарастырылған. Оның 12-сі қазақтың ұлттық ойындары. Ұлттық спорт үшін тағы бір жетістік – Ұлттық спорт қауымдастығы Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ресми мүшесі атанды. Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының президенті Неджметтин Билал Ердоған Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановқа ресми мүшелік туралы сертификатты табыстап, алдағы ауқымды шараларда өткізуге табыс тіледі.

Ұлттық спорттың дамуында халықаралық жарыстардың маңызы зор. Елімізде ат спорты бойынша қоржынымызға талай жеңіс түсті. Соның бірі өткен жылдың соңында «Кабирхан» атымен танымал қазақтың тұлпары Дубайда өткен Al Maktoum Challenge Presented by Longines бәйгесіне қатысып, бірінші келді. Кабирхан бір емес, бірнеше рет еліміздің атын асқақтатып, көк туымызды желбіретті. Ат иесі осылайша 25 миллион теңге сыйақы иеленді. 30 наурызда Кабирхан Дубайда өтетін ауқымды бәйгеге қатысады. Топ жарған тұлпарға 7 миллион 200 мың доллар беру жоспарланып отыр. Бұл жолы да сәйгүлігіміз оза шауып, жеңіс әкеледі деген сенімдеміз. «Кабирхан – Құлагердің мұрагері» деген теңеулер де айтылып жүр. Шын мәнінде сәйгүліктің талай биіктерді бағындыратыны сөзсіз. Тек Араб түбегін шулатып қана қоймай, әлемдік деңгейдегі жарыстарда шашасына шаң жұқтырмайтынын сала мамандары біліп отыр.

Қазақтан шыққан Еуропаға танымал шабандоз Бауыржан Мыразабаевтың да есімі ерекше аталады.Ол халықаралық деңгейде талай жеңістерге жеткен сұранысқа ие жокейлердің бірі. Оның есімі Германия мен Чехияда, Жапонияда мәшһүр болс бастаған. Күн сайын 14 бәйгеге қатысып, осылайша бір жылда кем дегенде 800 бәйгені бағындырғаны мақтауға тұрарлық. Ол – Чехияның 3 дүркін, Германияның 4 дүркін чемпионы атанған. Ал Қазақстан атынан екі мәрте еуропа чемпионатына қатысып, топ жарған. Оны бүкіләлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып, таңданыс білдірген. Бауыржан Мыразбаевтың тағы бір мақсаттарының бірі –Кабирханмен шабу. Шын мәнінде бұл орындалар болса, қазақтың сәйгүлігі мен шабандозы талайды шаң қаптырары анық.

Ұлттық спортқа деген қызығушылық футбол көретін жастар тарапынан да сұранысқа ие болып келеді. Кабирханның жарысын жастар жағы тікелей эфирде қарап әлеуметтік желіде трендке айналды. Қазақ жастарының арасында ұлттық спортты насихаттау маңыздылығы ерекше. Басты мақсат та осы. Әрі әлемдік деңгейде оны таныта отырып, халықаралық стандарттарға сай спорт түріне жеткізу Қазақстан үшін айрықша маңызды. Жастарымыз ғаламтор беттерін ғана парақтап отырмай, бәйгеге шауып, асық ойнауды, спортшыларымызға қолдау көрсетуді, ұлттық жорықтарға қатысуды қолға алса, ата-баба салтына деген адал ниетіміздің орындалатыны анық.

 

Ж.Жұманбаева

altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Креативті индустрия не үшін керек?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Димаштың қазақ тілін танытудағы рөлі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.