14 ЖАСТАҒЫ АУЫЛ БАЛАСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНЫН ОЙЛАП ТАПТЫ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

14 ЖАСТАҒЫ АУЫЛ БАЛАСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНЫН ОЙЛАП ТАПТЫ

28.02.2024
0
14 ЖАСТАҒЫ АУЫЛ БАЛАСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНЫН ОЙЛАП ТАПТЫ

фото:ашықдереккөз

Абай облысына қарасты Жезкент ауылында тұратын 14 жастағы Нұрәлі Амангелді сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа жолын тапты. Ол жаһандану заманына сай жаң атехнологияларды пайдалана отырып, компьютерлік ойын ойлап тапқан. Ойынның атауы – «Алпамыс». Алпамыс сатылмайды, алдамайды, жемқорлықпен күреседі. 8-сынып оқушысының ойына бұл идея жайдан жай келмеген. Нұрәлінің айтуынша ол бірнеше рет пара сұраған адамдарды өз көзімен көрген. Сол себепті қоғам дертіне айналған жемқорлықпен заманауи трендтерді пайдалана отырып күресуді жөн көріпті. Ойынның атауын «Алпамыс» деп қобдың да өзіндік философиясы бар. Автор режиссер Абдолла Қарсақбаевтың «Алты жасар Алпамыс мектепке барады» фильмінің басты кейіпкерінің есімін қоямын деп шешкен.

«Бұл ойындағы бас кейіпкердің аты – Алпамыс. «Алты жасар Алпамыс мектепке барады» деген қазақ фильмін көріп, осы есімді қойғым келді. Алпамыс өзінің шыншылдығы және әділеттілігімен ұнады. Сондай-ақ ойында күнделікті біз кездесетін жағдайлар берілген. Жерді жалға алудан бастап мемлекеттік қызметтегі адамдардың жемқорлық әрекетіне дейінгі оқиғаларды қамтиды. Бас кейіпкер – жемқорлық жағдайларына тап болған қарапайым адам. Мен де өмірде бірнеше рет жемқорлықтың куәсі болдым. Сондықтан осындай ойын ойлап таптым», – дейді Нұрәлі Амангелді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі былтыр оқушылар мен студенттер арасында «Жемқорлыққа қарсы жобалар мен идеялар байқауын» ұйымдастырған еді. Шара аясында 200-ден астам үміткердің ішінен іріктеліп алғандардың бірі – Нұрәлі Амангелді мен Карина Филиппи.

Карина Филиппи – 17 жаста. Өзі Астанадағы Тұран-Астана университетінің 1-курс студенті. Жемқорлықпен күресуді ол комикс жасаумен байланыстырыпты. Сурет салуды жақсы көретін оған ұстазы Ақерке Файзоллақызы көмектескен. Комикстің атауы – «Қазақи рух. Заңдылық пен әділдік жолында». Авторлар «Әділ»» есімді адал, батыр баланың бейнесі арқылы суреттеп шыққан. Әділ өзінің жемқорлықты алыстан танитын қасиетімен ерекшеленеді. Кейіпкерді бір жағы комикске тән фантастика жанрында көрсетуді ойлаған қос автор сәтті туынды жасап шыққан. Шығарма енді Астананың 100 мектебіне таратылып, оқытылады. Жалпы айтқанда сала мамандары оны мәтін, сурет, құрылымдық, заң тұрғысынан зерттей отыра, тестіден өткізеді. Егер сәтті өтсе, республиканың әрбір мектебіне жіберіліп, тіпті дүкен сөрелеріне сатылымға шығады деген жоспар бар.

«Біздің аудитория – негізінен 12 мен 18 жас аралығындағы оқушылар. Басты мақсатымыз – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру. Қазір менің замандастарым комикс оқығанды жақсы көреді, сондықтан осы бағытта жазғым келді. Бұл комикс қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Комикстегі бас кейіпкер – Адель әртүрлі жемқорлық жағдайымен бетпе-бет келеді. Оның ерекше күші бар, ол – жемқорлыққа қарсы тұру. Бұл жерде сыбайлас жемқорлықтың соңы, нәтижесі де қандай болатыны да айтылады. Сондай-ақ біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттің телефон номерлерін де жаздық. Себебі, оқушылар осындай жағдайларға тап болғанда қайда хабарласатынын білуге тиіс», – деді Карина.

Байқау қорытындысы бойынша үздік шыққан жоба авторлары – Карина Филиппи мен Нұрәлі Амангелдиевке «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов жеңімпаздардың әрқайсына 1 миллион теңгенің сертификатын табыстады. Бірлестік жетекшісінің айтуынша, жеңімпаздардың әрқайсына әрі қарай да қолдау көрсетіліп, жобаларын 1 жылдың ішінде аяқтауға күш салынады.

«Біз ең мықты 5 жобаны таңдадық. Сол 5 жобаның екеуі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жасалған. Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа сәйкес, қылмыстық жауапкершілікпен қатар, жемқорлықтың алдын алу шаралары, қоғамда жемқорлыққа қарсы тиісті мәдениет қалыптастыру керек. Ал мәдениет қоғамның жастары арасында қалыптасады. Сондықтан мектептер мен университеттерде осындай жобаларды қолға алдық. Бұл жоба әр жыл сайын ұйымдастырылып отыратын болады. Бұл байқау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігімен бірге ұйымдастырылған болатын. Біз байқаудың серіктесі ретінде конкурсқа қатыстық. Жалпы байқауға 200-ден астам жұмыс түсті. Қазақстан бойынша әртүрлі жобалар мен идеялар болды.», – дейді Дидар Смағұлов.

Алдағы уақытта қос жеңімпаздың өнімдері өз тұрғылықты жеріндегі мектептерде сыналады. Нұрәлінің ойыны Абай облысында, ал Каринаның комиксі Астана мектептерінде талқыланады. Алдағы уақытта мұндай жобалардың ұйымдастырылуы еліміз үшін маңызды болмақ. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басты міндет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  өз Жолдауында:  «Жемқорлықтың барлық түрімен ымырасыз күрес – мемлекетіміздің одан әрі дамуының басымдығы. Парақорлық, тамыр-таныстық, қоңырау шалу арқылы мәселе шешу және тағы басқа келеңсіздіктер жылдар бойы азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сеніміне селкеу түсіргенін білесіздер. Осы орайда халықтың әділдікке деген үміті азая бастады. Сондықтан менің сайлау алдында берген уәделерімнің бірі жемқорлықты түбірімен жойғанша ымырасыз күрес жүргізу болды. Бұл істе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шешуші рөл атқарады. 2019 жылы маусымда құрылған сәттен бері аталған орган көптеген жұмыс атқарды. Оны мойындау керек. Жемқорлыққа қарсы күрес шараларының жүйесі белсенді дами бастады. Атап айтқанда, жаңа құқықтық институттар, өзіне бағынышты қызметкерлердің жемқорлық қылмысы үшін саяси және мемлекеттік тұлғалардың қызметтен кетуі, адалдыққа тексеріс, нормативтік-құқықтық актілерге жемқорлыққа қарсы жүргізілетін сараптама және тағы да басқа бастамалар осы санатқа кіреді. Олардың алғашқы нәтижелерін көріп отырмыз, – деген еді. Демек, еліміздің ұарыштап дамуы үшін экономиканың кез келген секторында, өзге де салаларда бармақ басты, көз қыстылыққа жол бермеуіміз қажет.

Ж.Жұманбаева

altyalash.kz

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ПАРАЛИМПИАДАШЫ АЙСҰЛУ СҮЛЕЙМЕНОВА ДУБАЙДА ӨТКЕН ЖАРЫСТА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: БАТЫРЛАРДЫҢ ЕСІМІМЕН ОРДЕНДЕР ШЫҒАРЫЛАДЫ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.