НАУРЫЗНАМА – МӘДЕНИЕТТІҢ БАСТАУЫ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Шілде 31, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

НАУРЫЗНАМА – МӘДЕНИЕТТІҢ БАСТАУЫ

29.02.2024
0
НАУРЫЗНАМА – МӘДЕНИЕТТІҢ БАСТАУЫ

Биылдан бастап қазақтың ұлттық мейрамы Наурыз ерекше мәртебеге ие болып, жаңа күйге енді. Қазақтың ежелгі мерекесі енді заман талабына сай өзгеріп, тойланбақ. Ғасырдан ғасырға жеткен Наурыз мейрамы енді бір-екі күннің көлемінде ғана емес, он күндеп атап өтіледі. Бұл бабалар аңсаған күн. Наурызнама онкүндігінде ұлттық мәдениетімізден бастап жаңару күні, шаңырақ, қайырымдылық, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық спорт күні және тағы да басқа күндерге бөлініп, әр күнде жөн-жоралғылар орындалады. Мәселен қайырымыдылық күнінде азаматтар бір-біріне көмектесіп, мұқтаж жандарды қолдауға ұмтылады. Еліміздің батыс өңірлерінде кеңінен танылған Көрісу мерекесінің де мағынасы тереңде. Оны кейде «Амал» деп те атайды. Бұл іс-шара тек батыс аймақта ғана емес енді күллі Қазақстан көлемінде тойланады. Шын мәнінде, ата-баба дәстүрін жаңғыртудың, келер ұрпаққа насихаттаудың маңыздылығы артып келеді. Тарихымызда бұл онкүндікті Наурызнама деп айтудың да өз орны бар. Белгілі ғалымдар Махмұд Қашғари, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезовтің еңбектерінде суреттелген.

Шаңырақ күнінде отбасылық құндылықтарды мейлінше дәріптеп, ұрпақтың сауатты, шаңырақты шайқалтпай, жақсы құндылықтарға ұмтылысы насихатталады. Шаңырақ күнінің қазақ халқы үшін маңызы зор. Себебі осы күні екі жас бас қосып, отбасын құрады. Ал отбасы институтының ұлтымыз үшін рөлі ерекше. Наурызнаманың тағы бір маңызды күні – ұлттық киім күні. Бұл күні қыздарымыз бен ұлдарымыз ұлттық нақышпен көмкерілген киімдерін киіп, көктеммен бірге көркейеді. Шуақты күндерде бар асылын киінген ұлтымыз жаңа жылмен жарыса жасаруды жөн көрген. Ел ішінде «Ұлттық сезім» челленджі жарияланып, еңбектеген баладан еңкейген қарттарымызға дейін ұлттық киімдерін киіп жүр. Бұл жаңа тенденцияның бірі. Ұлттық киімдеріміздің танылғаны соншалық бүгінде алыс-жақын шетелдерде қызыуғышылық танытқан азаматтардың саны көп.

Ұлттық спорт күні – ұмыт қалған дәстүрлі, ұлттық ойындарымыз насихатталатын күн. Көкпар, бәйге, қыз қуу, асық  ату, құсбегілік және тағы да басқа спорт түрлері насихатталады. Ұлт мәдениетін айшықтайтын мереке осылайша мәнді де мағыналы болмақ. Оның әрі қарай жалғасуы бүгінгі жастардың қолында екені сөзсіз.

Ж.Жұманбаева
altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Астанада “Театр барысы-2024” өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.