Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы көкбөріні емес, көкпарды таңдады – Елемес Әлімханов – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Маусым 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Руханият

Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы көкбөріні емес, көкпарды таңдады – Елемес Әлімханов

05.03.2024
0
Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы көкбөріні емес, көкпарды таңдады – Елемес Әлімханов

фото:бейнеденскриншот

Профессор не себепті Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы қазақтың көкпарын қолдап отырғанын түсіндірді

Биыл 8-14 қыркүйек аралығында Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Бағдарламаға спорттың 20 түрі енген.

Жақында Анталья қаласында (Түркия) Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы ұйымдастырған VI Этноспорт форумы өтіп, 60-тан астам елден келген халықаралық қатысушылар үшін алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасы таныстырылды.

Форумға қазақстандық делегация да қатысып, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов этноспортты халықаралық стандарттарға сай дамыту тәсілдерін жүйелеуге қатысты бірқатар ұсыныс айтты.

Оның ішінде ұлттық ат спорты – көкпардың ережелерін халықаралық стандартқа сай етіп, қауіпсіздігі мен тартымдылығын ілгерілету мәселесі де бар. Осы ретте Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ғылыми жұмысының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Елемес Әлімханов арнайы сұқбат беріп, Конфедерацияның не себепті қазақтың «көкпарын» қолдап отырғанын түсіндірді.

Көкпар түркітілдес елдер арасында әртүрлі аталады. Оның қазақтар «көкпар» десе, қырғыздар «көкбөрі» дейді. Осы ретте атауы мен ережесіндегі айырмашылыққа байланысты бауырлас елдер арасында ара-тұра келіспеушілік болып жататыны жасырын емес. Елемес Әлімханов әр елдегі ойындарды бөле-жару мақсат еместігін, алайда ойын мен спорттың ара-жігін ажыратып алу қажеттігін айтты.

Қырғыз халқындағы көкбөрінің тиімді тұстары мен кемшін жақтары да бар. Бізде де солай. Себебі бұл ұлттық деңгейде ғана, яғни тек республика ішінде дамып келе жатқан спорт түрі. Енді соны халықаралық дәрежеге шығармақ болып, Көшпенділер ойындарының бағдарламасына алып отырмыз. Ауғанстанда, Ресейдегі Алтай өңіріі халықтарының бәрінде бар ойын. Бәрінің жиынтығын алып, халықаралық ереже бойынша жасайық деп отырмыз. Осы ретте қазақтың көкпарының мүмкіндігі жоғары деп санаймын, – деді Елемес Әлімханов.

Профессор Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының көкпарға басымдық беруін жарақаттың аздығымен, халықаралық талаптарға сай болуымен түсіндірді. Оның пайымынша, көкпарды халықаралық дәрежеге шығару үшін барынша қауіпсіз етуді көздеу керек.

«Қырғыздарда қазандыққа салады, бізде шеңбердің ішіне тастайды. Бұл жерде көкпардың эстетикалық талғамға, адамға жағымдылығымен, тазалығымен, ойыншының жарақат алмауы жағынан тиімді. Себебі, көкпарға біз ғана емес, бүкіл әлем қызығуы керек. Ол үшін мәдениетін дұрыстау керек. Серкені қабылдамай жатқаны да сондықтан. Ат пен аттың соғысып қалуы, оны үздіксіз басынан қамшылай беруі, адамдардың құлап, басылып жатқаны – ұтатын тұсы емес. Осыларды реттеу керек, әйтпесе әлемге таныта алмай, өз ішімізде, аймақтық деңгейде ғана қалып қоямыз», – деді сарапшы.

Сұқбатта ұлттық спорт түрлеріне қатысты басқа да маңызды жайттар сөз болды. Ұлттық ойындардың Олимпиадалық тізімге енуі мүмкін бе? Қазақ күресінің неше түрі бар? Қазақ жылқы малын құрметтеуден қалған ба? «Олимпиада» сөзінің төркіні түркі тілінен алынғаны рас па? Осы және өзге де сұрақтарға Елемес Әлімханов жауап берді.

https://altyalash.kz/wp-content/uploads/2024/03/B-kil-lemdik-etnosport-konfederaciyasy-k-kb-rini-emes-k-kpardy-ta-dady-Elemes-limhanov-1.mp4
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Шетелден инвестиция тарту жөнінде нақты жоспар әзірлеуді тапсырды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Олжас Бектенов Павлодар облысындағы ірі кәсіпорындарды аралады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.