Білім беру ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін қайта қарастыру керек – депутат – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Маусым 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Білім беру ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін қайта қарастыру керек – депутат

06.03.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

– Кейінгі  кездері білім саласында миллиардтаған теңгені жымқыру туралы көптеген факті тіркеліп жатыр. Ең ауыры, бұл қаражатты жымқырған – қатардағы бухгалтер-есепшілер. Мәжіліс депутаты  Болатбек Нажметдинұлы Премьер-Министр орынбасарына жолдаған депутаттық сауалында салада жүйелі бақылау жасалмағандықтан осындай қылмыс көбейіп жатқанын айтты.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің мәліметі бойынша, осы саладағы есепшілер қолданатын заңсыз схема – жалақы қорынан ақша жымқыру фактілері. Оның ішінде, заңсыздыққа жол беріп, өз жалақысынан әлдеқайда жоғары жалақы тағайындалады, ресми тіркелмеген адамдарға жалақы аударылады. Сонымен қатар қызметкер пен оның карточкасы біріздендірілмеген. Бір қызметкерге заңсыз әрі бірнеше қаржы аударылады. Сондай-ақ, туыстары мен достарына ақша аударған.

Депутат жүйелі бақылау, әлі де орталықтан, ауданға, ауданнан ауылға дейінгі жүйелі байланыс болмағаннан осындай жағдай болып жатқанын айтты.

«Кедергісіз ұрлықтардың болуына қазіргі еңбекақыны есептеу және төлеу жүйесі де ықпал етті. Жергілікті қаржылық есепте ашықтық жоқ. Бұл «өлі жандарды» жұмыста ұстауға ғана емес, сонымен қатар «виртуалды» жұмысшыларды жұмысқа алуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, Алматы, Түркістан облыстары, Талдықорған және Қызылорда қалаларының есепшілері сотталды. Кейбір азаматтар қылмыстарының әшкереленуіне байланысты өздеріне қол жұмсау, суицид фактілері көбейіп жатқан жағдайлар бар. Бұл өкінішке қарай, «қылмыстық марафонды» әшкерелеудің бастамасы ғана», – дейді Мәжіліс депутаты.

Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметі бойынша білім беру саласы көп жылдар бойы нағыз сыбайлас жемқорлықтың ордасына айналды. Тіпті, жүйеде жұмыс істейтіндер де, оны тексеретіндер де пара алды. Жақында ғана Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының бас инспекторының 26 миллион теңгені заңсыз алғаны да анықталды.Білім саласындағы бақылау комитетінің Оқу-ағарту министрлігі құрылымында орналасуына байланысты салалық бақылаудың сапасы төмендеп отыр.

«Бұл жағдай тек «ақшаға» қатысты емес екенін атап өткім келеді. Қазақстанның болашағы үшін білім беру саласы – әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық саласы. Біздің балаларымыздың білім сапасы саладағы жағдайдан зардап шегіп жатыр және бұл шығынды монетизациялау мүмкін емес. Білім беру ұйымдарындағы бухгалтерлік есептің бизнес-процестерін, яғни жүйесін қайта қарастыру қажет», – деп түйіндеді Болатбек Нажметдинұлы.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Олжас Бектенов Павлодар облысындағы ірі кәсіпорындарды аралады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Депутат көпбалалы аналардың тісін тегін емдеп беруді ұсынды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.