Сенат капиталды елден шығаруға бақылауды күшейтуге қатысты заңды мақұлдады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Маусым 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Сенат капиталды елден шығаруға бақылауды күшейтуге қатысты заңды мақұлдады

07.03.2024
0
Сенат капиталды елден шығаруға бақылауды күшейтуге қатысты заңды мақұлдады

Notice: Trying to get property 'child' of non-object in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/ContentTag.php on line 45
Фото: gov.kz
Заңның міндеті — нарықтық бағаны айқындау әдістерін қолдануды жетілдіру, нарықтық ауқымды айқындау тетігін енгізу, капиталды шығаруға бақылауды күшейту мақсатында өзара байланысты тараптар анықтамасын кеңейту
Сенаттың бүгінгі жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы екі оқылымда қаралып, мақұлданды, – деп хабарлайды altyalash.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. 
Заң Мемлекет басшысының трансферттік баға белгілеуге бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасын (2020 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 37-тармағы) іске асыру мақсатында әзірленді және халықаралық іскерлік операциялардағы және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелердегі мемлекеттік кірісті жоғалтудың алдын алуға бағытталған.

Заңның міндеті — нарықтық бағаны айқындау әдістерін қолдануды жетілдіру, нарықтық ауқымды айқындау тетігін енгізу, капиталды шығаруға бақылауды күшейту мақсатында өзара байланысты тараптар анықтамасын кеңейту, тауар биржаларында жасалған мәмілелерге трансферттік баға белгілеу бойынша бақылауды қайтару, есептілікке қойылатын талаптарды жетілдіру.

«Заң Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу саласындағы заңнамасын жетілдіру мен тиімділігін арттыруға және капиталдың елден шығарылуын бақылау шараларын күшейтуге, сондай-ақ халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелердегі мемлекеттік кірісті жоғалтуды алдын алуға бағытталған. Заңда нарықтық бағаны анықтау әдістерін қолдануды жетілдіру ескерілген. Қазіргі кезде заңда нарықтық бағаны анықтау әдісінің 5 иерархиясы қарастырылған. Мәселен, егер салық төлеуші бесінші әдісті қолдану керек деп санаса, онда ол алдымен алдыңғы төрт әдісті қолдану мүмкін еместігі туралы негіздемелер дайындауы керек. Осыған орай, халықаралық мәмілелердің сипатын ескере отырып, нақты қай әдісті қолдану керектігі анықталады. Салық төлеушінің де, тексерушілердің де әкімшілік шығындарын азайтуға мүмкіндік береді», — деді сенатор Бекболат Орынбеков.

Оның айтуынша, капиталды шығаруға бақылауды күшейту мақсатында тараптардың өзара байланыстылығын айқындауды кеңейту ескерілген.

«Шикізат өнімдерін „эксклюзивті“ трейдерлерге төмендетілген бағамен сату фактілері бар. Бұл жағдайда қаржылық есептілікті алу мүмкін емес. Тексерілетін мәмілелер бойынша жеткілікті ақпараттың болмауына байланысты елден капиталды алып кету тәуекелі туындайды. Сондықтан өзара байланысты тараптар ұғымын кеңейту ұсынылды», — деді депутат.

Сонымен қатар, тауар биржаларында жасалған мәмілелерді бақылау қарастырылған. Трансферттік баға белгілеуге қатысты бақылау еліміздің тауар биржаларында жасалған келісімдер бойынша жүрмейді. Бұл елден капиталды сыртқа шығаруға жағдай жасайды. Осыған байланысты заңнан көрсетілген норманы алып тастау ұсынылды.

«Есептілікке қойылатын талаптарды жетілдіруге назар аударылды. Қазіргі кезде ірі мәмілелер бойынша жергілікті есептілікті ұсыну міндеті халықаралық топқа қатысушыларға жүктелген. Көзделіп отырған нормалармен жергілікті есептілікті ұсыну міндеті өзара байланысты бейрезидент-тұлғалармен мәмілелерді жүзеге асыратын салық төлеушілерге жүктеу ұсынылды. Бұл тауар айналымдардың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған бағыттар әлемдік және отандық тәжірибені ескере отырып заңға енгізілді. Заңның күшіне енуі оң нәтижелер береді. Яғни тауар биржаларында жасалған мәмілелер бойынша, сондай-ақ статистикалық ауытқуды қамтымайтын нарықтық диапазонды қолдану арқасында экспорттық бағалар төмендетілмейді. Бұл өз кезегінле салық салынатын табыстың ұлғаюына әкеледі. Мұнымен қоса, халықаралық мәмілелерге мониторинг жасау жақсарады», — деді Бекболат Орынбеков.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Нұртөре Жүсіп, Парламент Сенатының депутаты: Оқырмансыз газет ормансыз алқап секілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Елордалық еріктілер әйелдерге 1000-нан аса қызғалдақ сыйлайды (видео)

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.