Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСаясат

Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан Президенті «Загульбада» қарсы алды

Фото: Ақорда

 — «Загульба» резиденциясында Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Баку
Фото: Ақорда

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Ақорда
Фото: Ақорда

Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті. Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барғанын жазған болатынбыз.

Екі елдің өзара қарым-қатынасы және Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға сапарынан не күтуге болатынын Kazinform тілшісінің шолуынан оқи аласыз.

Ұқсас жаңалықтар

Құлсарыда жоғалған екі адамның мәйіті табылды

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

admin_altyalash

Мәжіліс депутаты киік мүйізіне қатысты сотталғандардың мәселесін көтерді

admin_altyalash