Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Үлкен Алматы айналма автожолында 9 көлік соқтығысып қалды (ВИДЕО)

фото: видеодан скриншот

Үлкен Алматы айналмалы автожолында 9 көлік соқтығысып, 3 ірі жол апаты болды. Зардап шеккен 4 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап жатыр. Видеода соқтығысқан бірнеше көлік көрсетілген. Олардың біреуі жанып кеткен.

Таңертең Үлкен Алматы айналма автожолында дүрбелең болып, көліктер өртеніп кетті, қоршауға соғылды. Куәгерлердің айтуынша, 15 көлік жол апатына ұшыраған, – делінген видео сипаттамасында.

Алматы қалалық жол полициясы жол-көлік оқиғасы туралы ақпаратты растап, деректі нақтылады. Бұл ретте 15 емес, 9 көлік апатқа ұшыраған.

11 наурызда таңертең Үлкен Алматы айналмалы автожолының 37-шақырымында 9 көлік соқтығысқан үш жол-көлік оқиғасы болды. Көліктердің соқтығысуына қалың тұман себеп болған деген болжам бар. Оқиға орнынан зардап шеккен 4 азамат медициналық мекемеке жеткізілді», – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Жол картасын әзірлеуге бастама көтерді.

admin_altyalash

Елімізде жыл басынан бері мұнай экспорты өсті

admin_altyalash

Абайдың ескерткіші қазақ-түрікмен достығының символына айналады

admin_altyalash