Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Оралда шетел азаматынан тұрақты түрде ақша бопсалап келген адам ұсталды

Фото: instagram.com/policebqo

– Орал қаласында теріс дін атын жамылған бопсалаушы қолға түсті.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаментімен өзара іс-қимыл жасай отырып, діни ағымдардың бірінің жақтаушысын ұстады.

«Күдікті Оралда шетел азаматынан тұрақты түрде ақша бопсалап келген. 200 мың теңге алу үстінде қолға түскен ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда алаяқтық деректері неліктен азаймай отырғанын жазған болатынбыз.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда Балалардың әл-ауқат индексінің тұрақты өсімі байқалды

admin_altyalash

Синоптиктер алдағы 3 күнде ауа райы қандай болатынын айтты

admin_altyalash

Спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысуға болатын ең төменгі жас мөлшері

admin_altyalash