Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Асық спорты халықаралық федерациясының тұсаукесері болады.

Фото: instagram.com/asyq_atu/

Көшпенділердің Асық спорты халықаралық федерациясы құрылды. Ассоциация түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің президенті болып Парламент Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясы фракциясының мүшесі Олжас Құспеков сайланды.

Көшпенділердің Асық спорты халықаралық федерациясының мүшелігіне Қазақстан, Түркия, Румыния, Моңғолия, Саха Республикасы (Ресей Федерациясы) мен Қырғызстанның ұйымдары өтінім тапсырған. Биыл Мажарстан, Өзбекстан, Қытай Халық Республикасы мен Испанияның спорт ұйымдарын федерацияның қатарына қосу жоспарланып отыр.

Respublica партиясының кеңсесінде Көшпенділердің Асық спорты халықаралық федерациясының тұсаукесері болады.

Кездесуде ұйымның президенті асық ату ойынының қазіргі жағдайын, асық ойынының спортқа қашан және қалай теңестірілгенін, халықаралық федерацияның ұлттық спорт ойынын қалай дамытатынын айтып береді.

Ұқсас жаңалықтар

Депутаттардың айтуынша, ең бастысы – мектеп салу емес, болашаққа берік негіз қалау

admin_altyalash

Алматыда 2024 жылы дизельді автобус сатып алуға тыйым салынады

admin_altyalash

Алматыда «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» дәстүрлі қалалық педагогтер конференциясы өтті

admin_altyalash