Биыл Астанада 58 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделіп отыр: Елорда әкімі Президентке есеп берді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Маусым 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Биыл Астанада 58 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделіп отыр: Елорда әкімі Президентке есеп берді

25.03.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Ақорда

 – Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берілді.

Астана қаласының әкімі барлық негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалатынын айтты.

Былтыр тартылған инвестиция көлемі 1,6 триллион теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібі, білім, медицина, логистика, көлік және басқа да салаларда іске асырылған жобалардың нәтижесінде 1,8 мың жұмыс орны ашылды.

Өткен жылы JOLTAP жобасы аясында 6 мыңға жуық азамат жұмысқа орналасты. Ал биыл жұмыспен қамтылатын азаматтардың санын 2 есе ұлғайту, яғни 12 мың адамнан асыру жоспарланып отыр. Жалпы 2024 жылы 58 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделген.

Сонымен қатар Президентке жылыту маусымының барысы туралы да баяндалды. Былтыр күзде «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясын, «Тұран» газ жылу станциясының бірінші кезегін және үшінші ЖЭО-ны іске қосу нәтижесінде жылу қала бойынша ұзақ уақыттан бері алғаш рет артығымен беріліп жатыр. Елорданың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін бұл нысандардың қуаты – сағатына 1140 гигакалория.

Мемлекет басшысына биыл «Тельман» газ жылу станциясының бірінші кезегі және «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезегі, үшінші ЖЭО-ның көмірмен жылытылатын бөлігінің іске қосылатыны туралы мәлімет берілді. Бұл нысандар қаланы қосымша 600 Гкал/сағат жылу қуатымен қамтамасыз етеді.

Бұдан бөлек, Жеңіс Қасымбек әлеуметтік нысандардың (мектептер, оқушылар сарайлары, балабақшалар, медициналық орталықтар, жеңілдікпен берілетін тұрғын үйлер) құрылысы, апатты жағдайдағы ескі үйлерді сүру, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды салып бітіру, тұрғын үй алаптарын дамыту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары туралы айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бүгін – әз Наурыз мерекесі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мектепке су кірді: Марат Ахметжанов тәулік бойы бақылауды күшейтуді тапсырды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.