Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Алматыда көлігімен күзетшіні бірнеше рет басып өткен ер адам ұсталды

Фото: almaty.tv

 – Алматыда «джип» көлігін мінген жүргізуші тұрғын үйдің күзетшісін бірнеше рет басып қана қоймай, оны біренше ұрып-соққан.

Түнгі уақытта болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге шықты. Видедағы жазбада оқиға «Меркур Таун» элиталық тұрғын үй кешенінде болғаны, салдарынан күзетшінің ауруханада көз жұмғаны жазылған.

Алматы қалалық полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен тұрғыны арасында жанжал шығып, нәтижесінде 45 жастағы ер адам күзетшіге өмір сүруге сәйкес келмейтін дене жарақаттарын салған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталуда», – деп жазды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Ақмола облысында балалар отырған автобус жол апатына ұшырады

admin_altyalash

Алматыда Halyk Arena заманауи сәулеттік жарықпен жаңарды

admin_altyalash

Алдағы екі жылда Түркістан облысында 81 және Жамбыл облысында 78 канал автоматтандырылады

admin_altyalash