Олимпиада-2024: Қазақстан ауыр атлеттері Әлем кубогына қатысып жатыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Спорт

Олимпиада-2024: Қазақстан ауыр атлеттері Әлем кубогына қатысып жатыр

02.04.2024
0
Олимпиада-2024: Қазақстан ауыр атлеттері Әлем кубогына қатысып жатыр
Фото: kazsports.kz

Таиландтың Пхукет қаласында ауыр атлетикадан Әлем кубогы үшін лицензиялық жарыс басталды. Оған Қазақстан құрамасы да қатысып жатыр.

Кеше помостқа ұлттық құрама сапынан Ерназ Алпысов (55 келі) шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ол жұлқа көтеруде бір мүмкіндігін, ал серпе көтеруде екі мүмкіндігін тиімді пайдалана алмады. Ерназ Алпысов 237 келі нәтижемен (жұлқа көтеру – 107 келі, серпе көтеру – 130 келі) А тобында алтыншы сатыдан көрінді.

Бұл сында Солтүстік Корея спортшысы Ун Чол Панг (118+152) Әлем кубогының иегері атанды. Күміс медальді Таиландтың өкілі Наттават Чомчуен (119+150), қола жүлдені вьетнамдық Тхана Лаи (120+148) иеленді.

Былтырғы әлем чемпионатында Ерназ Алпысов жалпы есепте 233 келіні көтерген. Осы жарыста сол көрсеткішті жақсарта алды. Оның бұдан да жоғары орыннан көрінуге шамасы бар еді. Алайда салмақ қуу өз әсерін тигізді. Келесі олимпиялық айналымда ол Олимпиада бағдарламасына кіретін 61 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді, – деді ерлер ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Дәурен Бекмұханбетов.

Сонымен қатар әйелдер арасында 49 келіге дейінгі салмақтағы барлық жарыс аяқталды. Ұлттық құрама спортшысы Айнұр Әбдіхалықова бір күн бұрын сынға түсті. Әйелдер құрамасының жаттықтырушысы Иван Снегуровтың айтуынша, спортшыға Олимпиаданың жолдамасын алуға әлі мүмкіндік бар.

Айнұр жақсы өнер көрсетті. Барлық алты мүмкіндігін сәтті пайдаланып, әзірге карьерасындағы үздік нәтиже (қос сайыста 160 келі) көрсетті. Жалпы есепте 12-13-сатыда келе жатыр. Яғни, Олимпиада лицензиясына ие болатын мүмкіндігі бар. Бәрі ұпайлар есептеліп, соңғы рейтинг шыққанда белгілі болады, – деді Иван Снегуров.

Бүгін, 2 сәуірде Әлем кубогында Дарья Балабаюк (59 келі) жүлдеге таласады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Президент тапсырмасы: 1 мамырда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҰБТ-ға жаңа өзгерістер енгізіледі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.