Шымкентте есірткі таратумен айналысқан отбасы сотталды,
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, олар есірткіге тапсырысты интернет арқылы қабылдаған. Сатып алушыларға дозалық есірткі орамаларын дайындап, қала аумағында жасырын орындарға қалдырып жүрген.
Жедел іс-шаралар кешенінің нәтижесінде полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері отбасының 3 мүшесі мен олардың 2 серіктесін анықтады. Тұрғылықты жерлерін тексеру кезінде есірткі заттары және оларды өлшеп-орауға арналған жабдықтар табылып, тәркіленді.
Тергеу барысында полицейлер барлық дәлелдемелерді жинап, қылмыстық істі сотқа жолдады. Отбасының 22 жастағы ұлы, яғни қылмысты ұйымдастырушы сот үкімімен 18 жылға бас бостандығынан айырылса, қалған 4 кінәлі азаматтың әрқайсысы 16 жылға сотталды.