Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Бишимбаевтің ісі бойынша мемлекеттік айыптаушының Instagram парақшасы — фейк

Фото: stopfake.kz

Бишимбаевтің ісі бойынша мемлекеттік айыптаушының
Instagram әлеуметтік желісіндегі жалған парақшасындағы
жазылушылардың саны 15 мыңнан асты
Instagram әлеуметтік желісінде «aijan.aimaganova» атты
парақша анықталды (парақша 15 000 мыңнан астам жазылушы жинады).
Парақшада сот процесі видеоларының үзінділері және
мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған.
Сондай-ақ, парақшада келесі жазба жарияланған
«Дорогие Казахстанцы! Страницу открыла по просьбе
обычных Людей! Но! Я не блогер! Я не могу отвечать Вам на
личные сообщения! Просьба, не пишите в личку. Я боюсь
обидеть Вас тем, что не отвечаю. Я обычный прокурор… Я
обещаю работать для Нового Казахстана!».
Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары, бұл
парақшаның Аймағановаға және басқа жаңадан құрылған
парақшаларға еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз.
Астана қаласының прокуратурасы сенімді ақпарат
көздеріне ғана сенуді сұрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Жартыжылдық қорытындысы: еңбек нарығын дамыту, әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек құқығын қорғау

admin_altyalash

Қазақстандық пианист Лондондағы беделді байқауда бірінші орынды иеленді

admin_altyalash

Қазақстанның барлық әуежайында жолаушылар биометриясы енгізілмек

admin_altyalash