Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

ҰҚК алаяқтарға қатысты мәлімдеме жасады

фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ретінде өздерін таныстыратын телефон алаяқтарының қатысуымен болған оқиғалар жиілеп кетті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Қаскүнемдер ақшаны заңсыз иелену мақсатында қаржылық операцияларды жүргізуге азаматтардан көмек сұрайды.

ҰҚК қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау шеңберінде азаматтарға несие рәсімдеуді, ақша аударуды және өзге де қаржы операцияларын жасауды ұсынуға өкілеттігі жоқ екенін хабарлаймыз. Күдікті телефон қоңыраулары мен хабарламалар, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен кезде полиция органдарына жүгінуді ұсынамыз, – делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Шетелге жіберілген ақша

admin_altyalash

«Таза Қазақстан»: AULAFIT әлеуметтік жобасының қатысушылары экологиялық акцияны қолдады

admin_altyalash

Маңғыстау облысында әйелін өлтірмек болған ер адам 15 жылға сотталды

admin_altyalash