Су тасқыны: БҚО-да 375 отбасыға 69 млн теңге әлеуметтік көмек көрсетілді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Су тасқыны: БҚО-да 375 отбасыға 69 млн теңге әлеуметтік көмек көрсетілді

05.04.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: БҚО ТЖД

 — Батыс Қазақстан облысында Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Тасқала аудандары мен Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетіліп жатыр.

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдәш Исқақованың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, аудандық және қалалық мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына» сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасына) осы жағдай туындаған кезден бастап үш ай ішінде, табыстарын есепке алмай, 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштің шекті мөлшерінде, біржолғы әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған.

Ділдәш Салауатқызының сөзіне қарағанда, су тасқынынан 1 171 отбасы, 4 168 адам (соның 1 252-сі – балалар, 405-і – зейнеткер, 78-і – мүгедектігі бар адамдар, 87-сі – көпбалалы отбасылар) зардап шекті.

«Қазіргі таңда 375 отбасына 69,2 млн теңге, олардың әрқайсысына 50 АЕК (184 600 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл төлемдер жалғастырылуда. Зардап шеккендерден өтініштер қабылданып, актілер жасалуда. Тұрғын үйлері су тасқынынан зардап шеккен 17 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Су тасқынынан зардап шеккен 78 мүгедек адамның ішінде техникалық көмекші орнын толтырушы құралдарынан айырылғандары бар. Күні бүгін демеушілердің көмегімен 7 адам жөргекпен, біреуі несие қабылдағышпен, біреуі жаялықтармен, үшеуі уақытша кресло-арбалармен қамтамасыз етілді», деді Д.Исқақова.

Брифингте сондай-ақ БҚО қаржы басқармасы басшысының орынбасары Медет Айдынғалиев табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу тәртібін түсіндіріп берді.

«Су тасқыны басылысымен қала мен аудандарда құрылған комиссиялар үй-үйді аралап, нақты жағдайдың қандай екендігін бағамдайды. Баспана жарамсыз деп таныла ма, әлде жөндеуге жата ма, қанша мал-мүлкі суға кетті, соның бәрі қаралады. Әкімдіктер тұрғындардың өтініші тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде бағалаушыны тарта отырып, келтірілген нұқсанның мөлшерін бағалауды ұйымдастырады. Залал мөлшері анықталғаннан кейін қаражат бөлу туралы шешім қабылданады», – деді М.Айдынғалиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында 1 591 мал өлуіне байланысты шығынның қалай өтелетінін жазған болатынбыз. Сондай-ақ Орал қаласында зардап шеккен тұрғындардан өтініш қабылдау басталды.

Батыс Қазақстанда 7 мыңдай адам эвакуацияланды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Павлодарлық кәсіпкер «Жұмыскерін» субсидияланатын техникалар тізіміне енгізгісі келеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.